ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ҰЛТАРАЛЫҚ БІРЛІК – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Кеше елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Басқосуда Тұңғыш Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік пен келісім сарайына жиналғандарды сессиясының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ ол Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болғанын жеткізді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналатынын, аталған құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болғанын тілге тиек етті.Басқосуда әр мемлекеттен келген сарапшылар да сөз алып, Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанды басқару жолындағы еңбегі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына төрағалық еткен осынша уақыттағы жеткен жетістігін жоғары бағалады. Түркиялық сарапшы Күршад Зорлу Нұрсұлтан Назарбаевты бүгінгінің Білге Қағанына теңеді.
– Анадолы Түркиядан атажұртқа жүрекжарды сәлемін ала келдім. Қазіргі уақытта Түркияда 30 мыңдай қазақ бар. Бірақ, менің ойымша, 30 мың емес, Түркияда 80 млн қазақ бар. Олардың жүрегі сіздермен бірге мәңгі соғады. Мен қазақ елі туралы ең алғашқы зерттеу мақаламды 1999 жылы жаздым. Саясаттанушы ғалым ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбектерін 20 жылдан бері зерттеп келемін. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы тек қазақ халқы үшін емес, түрік халқы үшін де болашаққа жол көрсететін айқын бағдарлама деп айтар едім. «ТҮРКСОЙ» мен «ТүркПА» сынды түркі әлемі үшін маңызды ұйымдарды құруға қосқан үлесіңіз бүгінгі күні жақсы нәтижесін көрсетіп, күллі түркі әлемі үшін пайдасын әкеліп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы 2 жыл бұрын әлеуметтік желі қолданушылары арасында сауалнама жүргізілді. Қатысқандар бірауыздан сізді түркі әлемінің ең көрнекті және танымал тұлғасы деп таныды. Халықаралық саясаттағы биік беделіңіз үшін түрік жұрты сізді түркі әлемінің беделді көшбасшысы деп ерекше құрметтейді, сізді бүгіннің Білге Қағаны деп біледі, – деді Куршад Зорлу.
Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлік басты құндылығымыз екенін айтты.
– Жаһандық әлем біздің көз алдымызда қуатты трансформацияны бастан кешуде. Біз бәрін түсінеміз және жаңа тарихи дәуірде өмір сүреміз. Айналамыздағы басқа әлем, басқа технология жүріп жатыр. Бірақ мұндай ауыспалы шақта бір тұрақты іргелі құндылық бар. Бұл – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім. Біз дем алатын ауаға айналған құндылық. Мүмкін, осы маңызды фактор болашақта біздің бәсекеге қабілеттілігімізді анықтайды, – деді Елбасы.
Сессияда Н.Назарбаев ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын таныстырды. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен «Дустлик» өзбектердің республикалық қауымдастығының сарапшысы Шерзод Пулатов тағайындалды. Жиында этностардың құқығын шектейтін елімізде ешқандай заңның жоқ екені, керісінше баспасөз саласында да олардың жаңа ақпараттарға қанығуына барынша жағдай жасалып жатқаны айтылды. Мәселен, елімізде 11 тілде телебағдарламалар шығарылып, 15 тілде баспасөз жұмыс жасайды екен. Осы ретте Елбасы барлық азаматтардың теңдігі тікелей мәтінмен елдің басты заңында жазылғанын жеткізді.
– Кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы маңызды шешімдердің бірі болғанын атап өту керек. Халықтың тілегімен құрылған ұйым елдің абыройлы конституциялық ұйымына айналды. Бірінші күннен бастап Ассамблея мемлекет пен халық алдындағы жауапкершілікті сезініп келеді. Біздің елдің саяси жүйесіне Ассамблея барлық этностар мен конфессияларды интеграциялады. Ассамблеяны біздің елдің саяси жүйесіне интеграциялай отырып, біз өзіміздің ұлттық бірліктің бағытын құрдық, – деді Тұңғыш Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде мемлекет этникалық тілдер мен мәдениеттерге де қамқор болып келе жатқанын ашық айтты. Осы ретте елімізде 88 мектеп өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілінде білім беріп жатқанын жеткізді. Мұнан бөлек, 108 мектепте Қазақстан этностарының 22 тілі жеке сабақ ретінде оқытылады. Сондай-ақ, 15 тілдегі 35 баспасөз, 11 тілде телеарналарда бағдарламалар шығып жатыр. 14 орыс театры бар. Өзбек, ұйғыр және корей театрлары жұмыс жасайды.
Сессия соңында «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концерт өтті. Онда қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова да өнер көрсетті.

«ЖЖ» ақпарат.