Ақтөбенің газы үйді де тесіп өтеді

Жер кезегін он екі жыл бойы күткен Баян Ешімова «енді мемелекеттен алған сол жерге дұрыстап үйімізді де сала алмай отырмыз» дейді. Сөзінше төрт емес алты бұрышты жеріне қазық қақтырғанда әкімдік газ желісі алынады деп уәде етіпті. Алайда үйдің үстінен тартылған құбыр сол күйі тұр. Тұрғынның қолында үй құрылысына қатысты қаланың бас сәулетшісі бекітіп берген барлық құжаты да бар. Бір қызығы бекіткен үйдің үстінен газ құбырын жүргізіп тастаған.
— Газды тартып жатқанда мен айттым, мынау үйдің ішінен түседі ғой ертең деп. Ол айтты бұл дұрыс емес, ертеңгі күні алып тасатайды, сала беріңіз үйді деді. Райгазға бардым. Райгаздың адамдары біз білмейміз, мұны акимат жүргізді. Бұл «бюджетный» нәрсе, біз тие алмаймыз деді. Үйдің ортасынан алып барып көрші үйге қосқан, — дейді Баян Ешімова.
Әкімдіктегілер жеке үй құрылысына деп өздері берген жердің үстінен осыдан сегіз жыл бұрын газ желісін жүргізгендерін ұмытып кетсе керек. Қазір білмедік деп ақталып отыр. Сөздерінше тұрғынға жер 2017-ші жылы берілген. Ал «Қызылжар 2» елді мекеніне газ құбыры 2011 жылы тартылған. Алайда сол кезде тартылған газ желісі көшенің бойымен емес халыққа бөлінген жердің үстінен қалай жүргізілгенін әкімдіктегілердің өздері түсінбей отыр.
— Газопроводтың бар жоғын біз білген жоқпыз. Қазір құрылыс бөлімімен, «подрядный» организациялармен сөйлесіп жатырмыз. Жақында басына шығып сол газ құбыры жүргізген мекемемен ауыстыруға мәселені көтереміз, — деді Ақтөбе қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ислам ІЗБАСҚАНОВ.
Әкімдіктегілер тұрғынның мәселесін осы аптада шешіп береміз деп уәде етіп отыр
Zhas-alash.kz