» » Алматы облысында кәсіпкер бүтін бір жолды сатып алып, көлік пен тұрғындарды өткізбей отыр

Алматы облысында кәсіпкер бүтін бір жолды сатып алып, көлік пен тұрғындарды өткізбей отыр

Алматы облысында тұрғындардың оншақты жылдан бері пайдаланып келген көшесі жекеменшікке сатылып кетіпті. Жаңа қожайыны көшені жауып, не көлікті, не жаяуларды өткізбей отыр. Ал Бесағаш ауылының жұрты негізгі трассаға шығу үшін елді мекенді шыр көбелек айналып, уақытымызды сарып етіп жүрміз, деп шағымдануда.


Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды. 
Талғар тас жолына бірнеше минуттың ішінде жететін тұрғындардың енді бірнеше шақырымды артқа қалдыруына тура келеді. Талай жылдан бері пайдаланып келген көше кенеттен жекенің қолына өтіпа кетіпті. Ал автоорталық күзетшілері бұл жерге тірі пендені жолатпауда. 
Жұрт Бесағашқа 2010 жылдан бастап қоныстаныпты. Өз есебінен су құбырын жүргізіп, электр желілерін тартыпты. Асфальт төсеп, пайдаланып келген. Талғар аудандық мәслихаты көшеге Бөгенбай батырдың есімін беріпті. Осылайша, бірнеше ай бұрын жер телімін автоорталық сатып алыпты. 
«Күнара жолды жауып тастайды. Біресе ашқызамыз. Полиция келеді. Әкімшіліктің адамдары келеді, ашқызамыз. Қайтадан жауып қояды. Бала-шағамыз бар.  Бізге басқа жерден ешқандай жол жоқ. Тек осы жол бар», - дейді ауыл тұрғыны Бақытгүл Мұхаметжанова.
Осылайша, екі ортада әуре-сарсаңға түскен тұрғындар негізгі тас жолға шығу үшін 1,5-2 шақырым жерді айналып өтуге мәжбүр болып отыр. 
Ал аудандық әкімдіктегілер Бесағаш елді мекеніндегі бұл көше 2008 жылы жол белгіленіп, 2013 жылы бас жоспарға енгізілгенін жеткізді. Бұл жер теліміне котедждер қалашығын салу жоспарланыпты. Бірақ иесі белгісіз себептермен 1 гектар аумағын автоорталыққа сатып жіберіпті. Ал аудандық әкімдік қызметкерлері әзірге құрылыс салуға рұқсат берілмегенін айтады. 
«Нысаналы мақсаты - котедж қалашығы құрылысын салу. Автотұрақты уақытша пайдаланып отыр. Құрылысқа ешқандай рұқсат қағаздарын алған жоқ. Мақсатын өзгертуге өтініш білдірген жоқ», - дейді Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Қуаныш Әскеев.
Автоорталық өкілдері жер телімін заңды түрде сатып алғандарын жеткізді. Қолдарындағы мемлекеттік актіде көше көрсетілмепті. 
«Бизнесті ары қарай дамыту жоспары бар. Сол бизнесті дамыту жоспарына сәйкес, ол жерде жол қарастырылмаған. Мемлекеттік акті бойынша ол жерде жол жоқ. Ешқандай шектеу жоқ», - дейді автоорталықтың әкімшілік директоры Архат Кененбаев.
Бас жоспарға еніп, мемлекеттік актіден түсіп қалған көшені кері қайтару үшін жергілікті әкім аудан басшылығына хат жолдауы тиіс екен. Содан кейін ғана бұл жер көпшілік пайдалануына қайтарылмақ. Бұл мәселенің қашан жүзеге асатыны жұмбақ күйінде қалып отыр.
10 сәуір 2019 ж. 476 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930