» » Индустриялық аймақтардың тиімділігі жөнінен Қызылорда алда

Индустриялық аймақтардың тиімділігі жөнінен Қызылорда алда



Индустриялық жобаларды іске асыруға инвестиция тарту бойынша өңір республика бойынша рейтингте көш бастап тұр, сондай-ақ, индустриялық аймақтар (ИА) мен орналастырылған жобалар саны бойынша екінші орында.
 Мәселен, индустриялдық аймақтарда жобаларды іске асыруға 65,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл - республика бойынша ең үздік көрсеткіш.
Облыста  6 индустриялық аймақ құрылды. Онда жалпы сомасы 192 млрд.теңгеге 48 жоба жүзеге асырылады.
Атап өту қажет, барлық индустриялық аймақтардың инфрақұрылымына 6,7 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалып, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 бюджеттік теңгеге 13,4 теңге қайтарымды жеке инвестиция тартылды.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде 500-ден астам жұмыс орнын қамтитын 16 жоба іске қосылған. Олардың қатарында өткен жылы желтоқсан айында мерзімінен бұрын іске қосылған ірі жоба – тампонажды цемент шығару зауыты бар. Кәсіпорын ағымдағы жылдың сәуір айында 10 мыңға жуық тонна сынама цемент өндірді. Жыл соңына дейін 500 мың тонна өнім өндіріп, жобалық қуаттылықты 50%-ға игеруді жоспарлауда. Қазіргі таңда кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Бүгін ҚР Үкіметі отырысында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері қаралып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктерінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Қызылорда облысының индустриялық аймақтарды дамыту бойынша оң тәжірибесі атап өтілді.


https://syrboyi.kz
21 мамыр 2019 ж. 511 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930