» » СЫР БОЙЫ ХАЛҚЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТЫР

СЫР БОЙЫ ХАЛҚЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖАТЫР


Елбасының биылғы жыл басында халыққа жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі - «Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыру» болып табылады. Осы ретте, бұл бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Жалпы алғанда, бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында 17 жоба іске қосылған болса, екінші бесжылдық аясында іске асырылатын 24 жобадан бүгінгі күні 3 жоба іске қосылды. Сыр елінде кейінгі жылдары индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар қазірдің өзінде ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр. Аймақта жүзеге асырылған 25 жобаның бүгінгі таңда 15-нің өндірістік көлемі 90 пайыздан 100 пайызға дейін орындалуда, 4 жоба бойынша 50-ден 90 пайызға дейін, 2 жоба бойынша 50 пайызға дейін жүктелген. 2017 жылдың 7 айында барлық іске қосылған жобалар арқылы 10,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 12,1 пайызды құрады.
Атап өту қажет, индустриялық жобалар бұрын өнімдерін 8 елге экспортқа, 2017 жылдан бастап 10 елге шығара бастады. 2017 жылдың 7 айында индустриялық жобалар арқылы экспортталған өнім көлемі былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 81,2 пайыз артты. Бір ғана мысал, бағдарлама аясында 2 бірдей испандық цехты іске қосқан «Аралтұз» АҚ 2016 жылы шет елдерге 60 пайыз өнімін экспорттады. Тек соңғы 2 жылда Ресей нарығында ас тұзы бойынша 12 пайыз үлесті иеленді.
Өнеркәсіп саласында үстіміздегі жылы 23 жобаның іске қосылуы жоспарланған, оның ішінде 10 кәсіпорын индустриялық аймақта орналасқан. 2017 жылдың І жартыжылдығында 7 шағын және орта кәсіпорын ашылып, 73 жұмыс орны құрылуда. Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында 551 жұмыс орны құрылатын 16 кәсіпорынның іске қосылуы жоспарланған. Бүгінгі күні облыста 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Бұл жерде тоқталып өтетін жайт, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінде индустриялық-инновациялық даму мәселесіне ерекше мән беріп өткен болатын. Ондағы 55-қадамда: Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту міндеті қойылды. Сонымен бірге халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру қажеттігі айтылды.


https://kyzylorda-news.kz
29 наурыз 2018 ж. 858 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930