АУДАН ӘКІМІ «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Coworking орталығында клуб мүшелерімен кездесіп, еркін пікір алмасты.
- Болашақтың еншісін арқалайтын жастар жаһандық сын қатерлерге төтеп беруде шар болаттай шыңдалған рух пен өнегелі ілімді бойына ұштастыра білуі қажет. Ал, сол сын қатерлердің басында - қоғамдағы сыбайлас жемқорлық та бар, - дей келе,
- «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары - рухани-адамгершілік тұрғыда оқушыларды өнегелі, жауапкершілігі жоғары, патриоттық рухы бекем болуға баулитын бастама, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Кездесуде ерекше белсенділігімен көзге түскен ерікті жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.
Айта кету керек, ауданымызда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері бүгінгі күні 238-ге жетіп отыр.