Еліміздің тұрғындарын 1 маусымнан бастап қандай өзгеріс күтіп тұр?
Қазақстанда 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы көтеріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Білім беру саласы
Бұл салада істейтін қызметкерлердің жалақысы 10-30%-ке өседі.Бірінші топ – еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері.
- Мәселен, қалада істейтін, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілердің айлығы қазіргі 55 869 теңгеден 70 859 теңгеге дейін артады. Ауылдарда 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін көтеріледі.
- Еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар (қалада) қазір 65 019 теңге алса, енді 81 565 теңге төленеді. Ауылдарда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге дейін ұлғаяды.
- 2-3 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдарда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі.
Бүгіннен бастап жалақысы көтерілетін екінші топ – көмекші персонал.
Яғни, олар балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер.
Үшінші топ басқарушы персоналға жатады: мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.
Мәселен, кіші медициналық персоналға қазір 48 861 теңге төленсе, енді 64 520 теңге алады, ал орта медперсоналдың айлығы 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге дейін көтеріледі.
Кейінірек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді.
https://kaz.nur.kz
Яғни, олар балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер.
Үшінші топ басқарушы персоналға жатады: мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.
Медицина қызметкерлерінің де еңбекақысы өседі
1 маусымнан бастап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 процентке артады.Мәселен, кіші медициналық персоналға қазір 48 861 теңге төленсе, енді 64 520 теңге алады, ал орта медперсоналдың айлығы 76 395 теңгеден 99 313 теңгеге дейін көтеріледі.
Тағы кімдер бар?
Әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда – азаматтық қызметшілер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сондай-ақ орта және төмен буындағы облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің де жалақысы өседі.Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының съезінде 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің айлығын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.
Кейінірек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді.
https://kaz.nur.kz