Ертең барлық мешітте айт намазы оқылады
Ертең 5 маусымда еліміздегі барлық мешітте ораза айт намазы оқылады. ҚМДБ осыған орай әр өңірдегі айт намазының уақыттарын белгіледі.
№ | Қала және облыс орталығы, | Айт намазы оқылатын уақыт, | Күн шығатын уақыт |
1 | Нұр-Сұлтан қаласы | 07:00 | 04:57 |
2 | Алматы қаласы | 06:00 | 05:11 |
3 | Шымкент қаласы | 07:00 | 05:43 |
4 | Маңғыстау облысы | 07:00 | 05:52 |
5 | Түркістан облысы | 07:00 | 05:45 |
6 | Атырау облысы | 07:00 | 05:36 |
7 | Жамбыл облысы | 06:30 | 05:34 |
8 | БҚО | 06:30 | 05:17 |
9 | Қостанай облысы | 07:30 | 05:17 |
10 | Алматы өңірі | 06:30 | 05:12 |
11 | Ақтөбе облысы | 07:00 | 04:58 |
12 | Талдықорған аймағы | 06:30 | 04:58 |
13 | Қарағанды облысы | 06:30 | 04:57 |
14 | Ақмола облысы | 07:00 | 04:54 |
15 | Қызылорда облысы | 06:00 | 04:50 |
16 | СҚО | 07:00 | 04:45 |
17 | Павлодар облысы | 07:00 | 04:29 |
18 | Семей өңірі | 07:00 | 04:26 |
19 | ШҚО | 07:00 | 04:18 |
Нені ескеру керек?
Пітір садақасы рамазан айында, яғни рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.
Айт намазы үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту сүннет болып саналады.
Мұсылмандар арасында Ораза Айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда, Айт күні рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: 1,3,5,7... құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті болып табылады.
Егер кімде кім сәресі ішкен болса немесе айт намазы алдында тамақтанған болса бұл нәрсеге де тиым салынбаған.
Рамазан айында белгілі себептермен қаза болған күндер болса, ораза айт мерекесінен кейін қазасын өтеу керек. Ораза айт кезінде ораза ұстауға болмайды.
https://baq.kz