"Биылғы сайлау ерекше": Нұрсұлтан Назарбаев өз таңдауын жасады

Нұр-Сұлтанның Алматы ауданы №58 сайлау учаскесіне келген ол қазақстандықтарға сайлауға қатысып, болашақ президентке дауыс беруге шақырды.
Президент сайлауына барлығы келіп, дауыс беріп жатыр. Бұл - тарихи күн. Бұл жай ғана сайлау емес, адамдар өз болшақтарына таңдау жасайды.
Биылғы сайлау ерекше, себебі билік жаңа ұрпақтың қолына беріліп жатыр. Осы сайлау елімізге табыс әкелсін",-деді президент.
Айта кетейік, биылғы сайлауда президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Аменгелді Таспиқов, Дәния Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосановтар қатысып жатыр. Алдын ала қорытындылар 10-11 маусым аралығында белгілі болады деп күтілуде.