Назарбаев "Nur Otan" атынан президенттікке үміткер ұсынуды тапсырды
"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия орталық аппаратының құрылымдық басшыларының қатысуымен кеңес өткізді деп жазады Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жиын барасында Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс Қазақстан президентінің сайлауы өткізілетіндіктен "Nur Otan" партиясы сайлау кампаниясына белсенді араласуы тиіс екенін баса айтты.
"Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды өкілеттілігін пайдаланып, Қазақстан президентін сайлауды кезектен тыс өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл билік легитимділігін нығайтуға және елдегі тұрақтылықты сақтау үшін қажет.
Енді біз партия съезін өткізуіміз керек. Онда болашақ президент сайлауына қатысатын үміткерді ұсынуымыз керек. Партия аппараты жедел түрде съезді өткізуге қажет жұмыстарды жүргізуі тиіс.
Ұсынғаннан кейін партия үміткердің қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.