» » Астанадағы "Нұр Отан" партиясының съезі: Назарбаев мәлімдеме жасайды

Астанадағы "Нұр Отан" партиясының съезі: Назарбаев мәлімдеме жасайды

ТÓÑелÑÑздÑк ÑаÑайÑ

Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдауды күшейту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін шаралар ұсынады
Бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтеді.

"Нұр Отан" партиясының съезі – не талқыланады

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған партия съезі саяси ұйымның 20 жылдығына арналған.
2030 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасы, жарғыға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар талқыланып, партия органдарының есеп беруі тыңдалады.
Съезде партияның саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау жоспарланған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі

Өткен аптада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Ол "Нұр Отан" партиясының съезінде әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін шаралар ұсынатынын мәлімдеген еді.
Қазақстанның жаңа үкіметі - толық құрам
Тұрмысы нашар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың әлеуметтік осал топтарының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді кеңейту үшін бюджет пен Ұлттық қордан қаржы бөлінеді.
Осы тапсырмаларды орындау үшін, Назарбаев айтқандай, үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер атсалысуы керек.
Назарбаевтың үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесі - видео

Съезге кім қатысады

Болжам бойынша, съездің жұмысына екі мыңдай адам қатысады. Елдің әр облысы мен аудандарынан әріптестер, оның ішінде партия ардагерлері  жиналады, деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Жаңа үкіметтің алғашқы отырысы қалай өтті - видео

"Нұр Отан" партиясының алдыңғы съезі несімен есте қалды

"Нұр Отан" партиясының бұдан бұрынғы XVII съезі 2016 жылы өтті. Ол кезде "Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты партияның сайлау алды бағдарламасы қабылданып, парламент мәжілісі депутаттығына партия үміткерлерінің тізімі бекітіліп, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізілген еді.
Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік мүлікті заңдастырып, Қазақстанға қаражат құю керек деп мәлімдеген болатын. Президент мұнай және газ саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызын атап өтті. Ол Қазақстанның Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, ТМД елдері және Орта Азиядағы көрші елдермен стратегиялық қатынасын одан әрі нығайта беретініне назар аударған еді.


sputniknews.kz
27 ақпан 2019 ж. 668 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031