» » Ауа райы: алдағы үш күнде жаңбыр толастамайды

Ауа райы: алдағы үш күнде жаңбыр толастамайды

zhalagash-zharshysy.kz. Синоптиктер 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Биіктіктегі барикалық қойнауға байланысты Қазақстанның батыс облыстарынан басқа өңірлерде тоқтаусыз жауын жауды. Сол арқылы Баренц теңізі мен Жайықтың солтүстігінен тропосфералық салқын және ылғал ауа келуде.
Алдағы үш тәулікте республикаға салқын және ылғал ауа келетіндіктен ауа райы қазіргісінен өзгермейді. Бұрынғыдай еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, найзағайлы өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты нөсер күтіледі.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3...5°С төмен сақталады.
Тек батыс және оңтүстік батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 30...38°С дейін жоғарылайды. 

10 маусым 2019 ж. 537 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930