» » » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Өздеріңізге белгілі, ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Жарлығымен ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 15 наурыздан 15 сәуірге дейін кезеңге төтенше жағдай енгізілген.
Осы орайда, еліміздің соттары процестік мерзімдері бар сот істерін қарау кейінге шегеріліп, сот процестері ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан өткізуге көшті. Осыған орай Жалағаш аудандық соты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот ғимараттарына келушілерге инфекцияның таралу қауіпі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен сот жүйесінде электрондық сот жүйесін жетілдіру мақсатында біршама жұмыстар атқарылған болатын. Соның бірі «SMART Сот» пилоттық жобасының аясында, процестерді бейнебайланыс, соның ішінде «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы өткізу. Бұл мобильді қосымшамен жұмыс жасау қарапайым. «Playmarket» немесе «AppStore» арқылы қосымшаны смартфонға жүктеу арқылы, сот отырысына қосылу үшін сот отырысының хатшысы берген сервер номері, логин мен пароль болса жеткілікті. Сондықтан Сіз бен біздің амандығымыз үшін, барлығыңызды сот процестеріне барынша қашықтықтан қосылу арқылы жұмыс жасауға шақырамыз.
Сонымен бірге, Жалағаш аудандық сотына ұсынатын талап арыздарыңызды, істер бойынша барлық өтініш хаттарыңыз бен қосымша құжаттарыңызды үйден шықпай-ақ «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы жолдауды сұраймыз.

Жалағаш аудандық соты

31 наурыз 2020 ж. 660 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031