» » » БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!


Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі үздік фотосуретке байқау жариялайды. Үздік деп танылған фотосурет иесі қоғамдық бірлестіктің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 
Байқау шарттары:
1. Instagram әлеуметтік желісіндегі zhalagashtemirkazyk парақшасына жазылу;
2. Жалағаш ауданының келбетін, бейнесін көрсететін мәнді, сапалы сурет түсіру;
3. Түсірілген суретті Instagram-дағы Direct-ке жіберу, 
4. Түсірілген суреттің түпнұсқасын, байқауға қатысушының толық аты-жөнін, байланыс құралын temirkazik@list.ru электронды поштасына жолдау.
Байқауға 18-29 жас аралығындағы Жалағаш ауданының жастары қатыса алады.
Байқау үстіміздегі жылдың 30 мамыры күні қорытындыланатын болады. 
Байқауға жіберілген суреттер Instagram әлеуметтік желісіндегі zhalagashtemirkazyk парақшасында жарияланып, ең көп лүпіл жинаған сурет жеңімпаз болып танылады.
16 мамыр 2018 ж. 1 617 0