11 ҚАЗАНДА ӘЛЕМДІК ИНТЕРНЕТ ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТАДЫ
11 қазанда әлем бойынша Интернет жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл күні доменді есімдер мен IP-мекен жайларды басқарушы Корпорация тарихта бірінші рет Интернет доменді есімдерінің қорғанысы үшін қызмет істейтін криптографикалық кілттерді ауыстыруды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты желі жұмысының жылдамдығы төмендеп, бірқатар сайттарға кіру қиындайды. Қазақстан интернет-бірлестігінің президенті Шавкат Сабыровтың айтуынша, .kz домендеріне әлемдік интернет жұмысының уақытша тоқтауы ешқандай қиындық тудырмайды.
– Біздің қорғалған DNSSEC-серверін пайдаланатын тіркелушілеріміз кілттердің ауысуына дайын. Ешқандай қиындық болмайды. Егер сіз Қазақстанда отырып, шет елідік сайттарды ашсаңыз, басқа мәселе. Ол интернет ресурстарының жабық болуы мүмкін, – деп түсіндірді Сабыров.
Айта кетейік, аталмыш процесстің қатардағы интернет қолданушыларына ешқандай қатысы жоқ. Желідегі қарапайым халық қамсыз жұмысын істей алады. Шавкат Сабыров ғаламдық шараға провайдерлер дайындалуы керек деп атап өтті.
Massaget.kz