» » ОНЛАЙН-САУДА: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

ОНЛАЙН-САУДА: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ


Телекоммуникациялық технологиялардың дамуы дүкендердің көбісі сауданың электрондық нұсқасына көшуіне әкеп соқты. Онлайн-сауда интернеттің бір бөлшегіне айналды.
Желідегі тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берудің артықшылығы қандай? Интернет-технологиялар сатып алушылар үшін да қолайлы: уақыт айтарлықтай үнемделеді, сатып алынған затқа электрондық ақшамен ақы төлеу, үйге жеткізіп беру мүмкіндігі, кең ассортимент, салыстырмалы арзан бағалар. Брендке айналған және сатушылар үшін сенімді ақтайтын белгілі интернет дүкендер бар. Тұтынушы қолда бар ассортиментті жылдам зерделеп, тауардың түрлі көріністегі фотосүретін қарап және оның техникалық сипатталарымен таныса алады. Тауарды немесе курьерлік компаниялармен жеткізудің бағасы қолжетімді, жылдам, сапалы және сатып алушы үшін қолайлы.
Оң сапаларымен қатар кемшіліктер де бар. Негізгі минус: интернет-дүкенге келуші сайтты пайдаланушы деңгейінде тауарды виртуалды сатып алады. Нақты тауарды көре алмайды, сондай-ақ ол сатылымда бар ма, оның техникалық жай-күйі қандай, мәлімделген сипаттамалар мен фотосүрет шындыққа сәйкес келетінін біле алмайды. Интернет пайда болғаннан бастап интернет-алаяқтар сауданың жаңа нысандарын бағалар және әлеуетті клиенттерді алдау мақсатында белсене қолдануды бастады. Жалған сатушылар әлеуметтік желіде ойдан алынған сату сайтын ашып, жоқ тауардың фотосүретін қойып жазылушыларды тіркейді. Интернет саудамен байланысты айлакерлік құрбаны болмас үшін жылдам саудадамұқият болған жөн.
Ең алдымен тауардың өте төмен бағасына назар аудару қажет. Егер баға нарықтық бағадан өзгеше болса, сізге өтімсіз немесе жарамсыз тауарды ұсынуы ықтимал. Басқа интернет-дүкендердегі ұқсас заттың құнын, орташа бағасын біліңіз-бәсекелестік тұтынушы үшін пайдалы болғанымен, бағада өте үлкен айрмашықтық болмауы тиіс.
Екінші –ресурстың беделі. Әдемі фотосүреттермен     безендірілген, сатушылары сенімді деп сендіретін интернет-дүкен экрандағы жай бейне ғана. Қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен мұны кез келген оқушы істей алады, бүгінде хостинг қызметтері арзан. Сайттың сыртқы түрі-көрсеткіш емес. Сатып алмас бұрын өзіңіз зерттеу жүргіңіз. Фирма туралы ақпараталыңыз: офис, сауда алаңдары және өңірлік өкілдіктері, нақты байланыс деректері, мәмілелердің өз «тарихы» бар ма. Егер интернет-ресурс ұзақ жұмыс істегісе келсе, «Байланыстар» деген бөлімде нақты пошталық мекенжай, бірнеше телефон нөмірі, факс, банк шоттарының деректері, есепке қойылғаны туралы куәлік болады. Егер офис-менеджер: «Тауар сайтта бар» деп жауап берсе, ал кері байланыс үшін ұялы телефон, скайп бойынша байланыс және т.б. мәміле сенімді емес. Мекен-жайдың көрсетілуі де  сатушының адалдығына кепілдік бермейді. Дүкен іс жүзінде болмауыда мүмкін: кейде алаяқтар жалған мекежайды көрсетіп, басқа фирмалардың мекенжайын хабарлайды.
Интернет дүкендердің қызметтерін белсенді пайдаланушылар тауардың қорабын ашу сәтін бейнекамераға түсіріп алуға кеңес береді: қораптың ішінде каталогтағы зат болмауы мүмкін. Сапасыз тауар сатып алу қуанышын жойып жібереді. Сатып алушының бейнетүсірілімі болған кезде тауарды ауыстырды деп ешкім айтпайды, оны басқасына ауыстыруға немесе ақшаны қайтаруға болады.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
  

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті.
02 наурыз 2018 ж. 1 442 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930