Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу
Бірыңғай жиынтық төлем жалпы соманың төлеміне жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді ақшалай немесе банктер және жекелеген банк қызметін көрсететін ұйымдар арқылы төлейді. Ол мемлекеттік корпорацияның банк есеп-шотына төленеді. Бұл 2016 жылдың 26 шілдесіндегі «Төлемдер және төлемдер жүйесі туралы» ҚР Заңының талабы.
Бұл орайда көрсетілген ұйымдар бірыңғай жиынтық төлемді оның көлемі бірыңғай жиынтық төлем көлеміне сәйкес келмесе қабылдамайды. Оның көлемі:
Төлеушінің төлейтін бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі: республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде белгіленген;
Ауылды мекендерде - 0,5 АЕК көлемінде.
БЖТ төлеу барысында айлық есептік көрсеткіш көлемі, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген қаржылық жылдың көрсеткішмен сәйкес болуы керек.
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер өз бетінше төлей алады немесе олардың пайдасы үшін үшінші тұлға төлейді. Бірыңғай жиынтық төлемді жасалып отырған айды көрсетіп, «ММГГГГ» форматында яғни айын, жылын көрсетіп төлейді.
Сонымен қатар ағымдағы және келер айдың төлемін қосып БЖТ төлеуге болады.
Бірыңғай жиынтық төлемді аударудың және үлестірудің тәртібі.
Банктер мен жекелеген банк қызметтерін көрсететін ұйымдарға түскен бірыңғай жиынтық төлемдер МТ-102 электронды төлем тапсырмасы бойынша Мемлекеттік корпорацияға аударылады.
МТ -102 төлем тапсырмасының форматына бірыңғай жиынтық төлем төлейтін тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, жөні, тұлғаның туған күні, айы, төлемнің көлемі кіреді.
Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерзейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚР заңдарына сәйкес, әлеуметтік төлемдерден босатылып, бір жерден төлем жасалып Мемлекеттік корпорацияға жеке табыс салығы ретінде аударылады. Ол төлеушінің тұрғылықты жерінің бюджетіне сәйкес бюджеттің саралану кодына сәйкестендіріп төленеді.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарына сәйкес, әлеуметтік төлемдерден босатылған тұлғалар туралы мәлімет ЕХӘҚМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен беріледі.
Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап үш операциялық күні ішінде БЖТ сомасын үлестіріп, тиісті салаларға аударады:
БЖТ-ң 10% - жеке табыс салығы;
-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;
-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы
- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
БТЖ төлей отырып, бірден зейнетақы жүйесі, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі.
БЖТ-ң үлестірілген сомалары әлеуметтік төлем және жеке табыс салығы түріне қарамастан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациямен аударылады, бұл орайда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылдың 31 тамыздағы № 203 «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелді) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарымен төлем белгіленген.
Әлеуметтік төлемдер бойынша электронды төлемдер тапсырмасына төлем жасау кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлем төйлейтін жеке тұлғалардың тізімі ұсынылады.
Мемлекеттік корпорация күн сайын аударылған БЖТ төлемдері бойыншаЕХӘҚМ Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жеке тұлғалардың тізімін ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетіне жолдап отырады. Ол жерде ЖСН, Аты-жөні, туған күні,айы, төлем жасаған айлар,жеке табыс салығы аударылған аймақтық мемлекеттік кіріс органдарының кодтары(БИН) ұсынылады.
Мемлекеттік корпорациямен БЖТ аясында жеке табыс салығын үлестіру Жеке тұлғалардың мәліметтерінің мемлекеттік базасының және мемлекеттік кіріс органдарының кодтарының анықтамасының мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік кіріс органдарының кодтарының анықтамасын жаңарту Мемлекеттік кіріс комитетімен жүзеге асады.