ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ2019 жылдың 13-26 мамыр (қоса алғанда) аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:
әрбір 350-шы қызмет алушыға картридер және ақпарат тасығыш (флешка)
әрбір 370-ші қызмет алушыға смартфон
әрбір 530-шы қызмет алушыға планшет
әрбір 720-шы қызмет алушыға фотоаппарат
әрбір 1000-ші қызмет алушыға ноутбук
3500-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.
Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі:
| 1) | Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру |
| 2) | Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою |
| 3) | Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру |
| 4) | Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу |
| 5) | Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу |
| 6) | Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру |
| 7) | Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу |
| 8) | Медициналық қызметке лицензия беру |
| 9) | Фармацевтикалық қызметке лицензия беру |
| 10) | Тұрғын үй көмегін тағайындау |
| 11) | II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру |
| 12) | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру |
| 13) | Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту |
| 14) | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру |
| 15) | Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу |
| 16) | Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну |
| 17) | Архивтік анықтамалар беру |
| 18) | Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы |
| 19) | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау |
| 20) | Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
| 21) | Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
| 22) | Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру |
| 23) | Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру |








