"Әкесі сияқты қиналмайды": Танымал әзілкеш Жүсіп Ақшора отбасы жайлы айтып берді
Танымал әзілкеш Жүсіп Ақшора отбасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды TalkLike бағдарламасы.
Кезінде көрермен үшін әдемі әзіл айтып, өзінің ерекше қабілетімен көзге түскен Жүсіп Ақшора бүгінде бір отбасының отағасы, біреуге әке, енді біріне ата. Төрт перзенті бар өнер иесі немере сүйіп, үбірлі-шүбірлі болып отыр. Әзілкеш отбасы туралы, ұлдары туралы айтып берді.
Жүсіп Ақшораның балаларының ішінде өнерге жақын болғаны ортаншы ұлы екен. Дегенмен, оның өзі бүгінде басқа салаға бет бұрған. Осылайша актердің отбасында ізін қуған перзенті жоқ.
"Бір баламыз өнер жолына келгісі келген. Ортаншы баламыз. Оқып, оқып, қазір жиһазшы. Жиһаз жасайды. Әйтпесе, қыл қобызда ойнап, музыкалық колледжде оқыды, Шымкентте театральныйды бітірді. Бірнеше ай істеді де, жиһазшы болып кетті", - дейді Жүсіп Ақшора.
Балаларының таңдауына қарсы келмейтін актер, үлкен ұлының шетелде оқып келгенін айтты. Сол себепті болар, ол қалған балаларымды да құрылыс, архитектура деп өз саласына қарай тартып, олар өнерге келмеді дейді актер.
"Оның үстіне үлкен балам Малайзияда архитектура мен дизайнды бітіріп келген. Құрылыс саласында жеке кәсіппен айналысты. Сол себепті кіші балам ағасына қосылды. Нәтижесінде әкесі сияқты қиналмайды, нақты жұмысы бар", - дейді Жүсіп Ақшора.