» » » Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

Қайрат Нұртас алғашқыда 10 жыл бойы жасырған жұбайын жұртқа таныстырып, кейін төрт баласының қатысуымен жанұялық шоу өткізген еді. Бір қызығы, Гүлзира Айдарбекова осы уақытқа дейін әншінің отбасы жайлы ешкімге тіс жармау туралы қатаң талапты хитменнің қайын жұртына да қойған екен. Бұл жайында Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы Бекзада Кемелова Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

ÒайÑÐ°Ñ ÐÒ±ÑÑаÑÑÑÒ£ енеÑÑ ÐйдаÑбековÑеÑдÑÒ£ Òандай Ñалап ÒойÒанÑн айÑÑÑ


«Біздер басында солай келістік. Қайрат Нұртас біздің күйеу баламыз екенін 10 жыл бойы ешкімге айтпадық. Өйткені, Қайратты бірінші халыққа танытып, шығарып алуымыз керек болды. Жас үйленген кездері еді. Енді сол мақсаттарына жетіп, Алланың бұйырған күніменен Жұлдыз да ел алдына шықты. «Қыз бала шиден тысқары» дейді ғой. Менен кетті, Гүлзираға жетті. Енді ол өзінің барған жерінің тәрбиесінде. Маған қарағанда Гүлзираға жақын. Сол өзінің енесімен кеңеседі. Осыдан 10 жыл бұрын Жұлдыздың жұлдызын жағамын деп серт берген. Қызымды жоғарыға шығарды. Киносымен көрсетті. Құдағиым Гүлзира ханым өзі айтты, берген уәдесінде тұрды. Біз ризамыз», – дейді Жұлдыздың анасы.
ÒайÑÐ°Ñ ÐÒ±ÑÑаÑÑÑÒ£ енеÑÑ ÐйдаÑбековÑеÑдÑÒ£ Òандай Ñалап ÒойÒанÑн айÑÑÑ
«Арман» картинасы жарыққа шыққалы Жұлдыздың да танымалдылығы артты. Қалың көпшілікке актрисалық қырын танытқан ол, қазір отандық арналардың бірінде тележүргізуші ретінде жұмыс істейді. Аздаған уақыт ішінде көптің қызығушылығын оятқан қызының жетістігіне ата-анасы дән риза.

«Өзіміздің қызымыз сондай биіктен көрініп жатса, қалай қарамасқа? Қайрат Нұртастың енесі болсам, қазір Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы болып танылып жатырмын. Қызымыз елге танымал болып жатса біз қуаныштымыз. Тек қана қолдаймыз. Біз Алматыда, Жұлдыз Астанада тұрады. Алматыға келсе бірінші біздің үйге келеді», – дейді Қайрат Нұртастың енесі.
ÒайÑÐ°Ñ ÐÒ±ÑÑаÑÑÑÒ£ енеÑÑ ÐйдаÑбековÑеÑдÑÒ£ Òандай Ñалап ÒойÒанÑн айÑÑÑ
Сұхбат барысында Қайраттың қандай күйеу бала екенін де сұраған едік. Қайын ене танымал әншінің ерекше қасиеттерін жіпке тізіп берді.
«Қайрат қарапайым, халыққа жақын. Ол да менің бір балам ғой. Өте жайлы. Қайрат пен Жұлдыздың балалары да Қайрат сияқты өте қарапайым. Олар адам жатырқамайды. Сондықтан Қайрат пен төрт немерем де бізге әрқашан жақын», – дейді Бекзада Кемелова.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімованың әкесі ұстаз, анасы кітапханашы қызметін атқарған. Бес баланы дүниеге әкелген ата-ана бүгінде зейнетке шыққан. Қайраттың келіншегі отбасының төртінші перзенті екен.

stan.kz

14 қараша 2018 ж. 1 476 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 15:46
Zentel Pills Nashville Azithromycin Mail Order Stendra Avanafil cialis for sale Nhs Propecia

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 09:31
Cheapeast Secure Ordering Isotretinoin Where To Order No Prescription Cephalexin Oral Suspension Dog Dosing Cephalexin Keflex 500 buy generic cialis Macrobid Buy Direct Free Shipping Most Reliable Canadian Pharmacies Propecia Necesita Receta

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930