» » » «ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ

«ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ


Арал перзенті, ақиық ақын Шөмішбай Сариев жуырда «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының лауреаты атанып, тағы бір марапат шыңына көтерілді. Нақты айтсақ, халықаралық аталым бойынша бұл сыйлықты беру – Астанада үлкен оқиғаға айналып келеді. Биыл оған ұсынылған 150 тұлғаның 15-і ғана лауреат атанды. Бұл  іске электрондық жүйеден басқа лауреаттарды анықтауға Халықаралық ұйым
    – Радио-телеарнасының Еуразиялық Академиясы да ат салысыпты.
    «Халықтың сүйіктісі» атағын беру рәсімі Астанада осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Бұрын көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлеріне, депутаттарға, бизнесмендерге, дәрігерлер мен ұстаздарға, танымал спортшыларға беріліп келсе, биыл әдебиет саласы енгізіліп, «Алтын дәуір» аталымы бойынша жерлесіміз Шөмішбай Сариев еліміздің ақын-жазушылары арасында алғашқы болып лауреат атанды. Сонымен бірге жас талантты әнші Даниэлия Төлешова, «Дара жол» жобасын жүргізушісі теле-журналист Дана Нұржігіт, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қордың төрағасы, іскер азамат Махмут Нәлібаевтар да марапатталды.
    Алғашқы жылдары бұл марапаттар мемлекет қайракерлері Иманғали Тасмағамбетов, Дариға Назарбаева, Әсет Исекешов, Ерлан Қарин, Айгүл Соловьева, желтоқсан қаһармандарының бірі  Нұрлан Сабильяновтарға де берілген болатын.
     –Тағдырыма ризамын, – дейді ақын Шөмішбай Сариев, –ақын болып қазақ атты қаһарман халықтың өткені мен бүгінін жырлап келемін. Дүниежүзілік ақындар фестиваліне барғанымда Парижде «Дала желі» кітабым француз тілінде басылып шықты. Америкада жарық көрген «Ұлы дала энциклопедиясына» жеті ақынның бірі болып еніп, өзім көрмеген жерге өлеңім жетті. «Теңізден соққан жел» атты кітабым Үнді елінде хинди тілінде жарық көрді. Сол кездегі Қазақстандағы Үндістан елшісі Верма Сагардан: «Қазақстан әдебиетінен үнді тіліне кімдер аударылды?» деген сұрағыма ол «Екі адам – Абай, Шөмішбай» деген.
    «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы Елбасымызға табысталғанда осындай құрметті қатарда мен де орын алдым,-деген-ді тағы да.
    Иә, осындай атақты адамдардың қатарында тұру мәртебесі Сыр перзенті Шөмішбай Сариевке де бұйырғаны, ол жерлестері, біздер үшін де үлкен мақтаныш.
    Олай болса, шығармашылық шабыт шалқарындағы Шөмішбайды айтулы  атағымен құттықтай отырып, марапат шыңына қанатың талмай қырандай шарықтап шыға бер демекпіз.
22 ақпан 2018 ж. 984 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930