» » » Димаштың атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді

Димаштың атасына "Ерен еңбегі үшін" медалі берілді

Димаштың атасы

Еліміздің атын әлем сахналарында дәріптеп жүрген танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында Құдайбергеновтердің отбасында болып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін берді.
Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табыстады. Еңбектері еленген өнегелі отбасы ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе облысы әкімдігіне алғыстарын жеткізді.

stan.kz

22 желтоқсан 2019 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930