» » » "Қарақатыма беріңдер дедім": Қыдырәлі неліктен атақтан құрқалып жүргенін түсіндірді

"Қарақатыма беріңдер дедім": Қыдырәлі неліктен атақтан құрқалып жүргенін түсіндірді

Қарақат пен Қыдырәлі

Жыл сайын жұлдыздарды «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағымен жарылқаса, Қыдырәліге аталмыш марапат әлі күнге дейін берілмеген. Бұл жайында ешбір жанға тіс жармаған Болманов, алғашқы рет сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отандық шоу-бизнес индустриясын дамытқан ең алғашқы продюсер – Қыдырәлі еді. Бастапқыда «АБК» тобынан танылып, кейін «Ұлытау», Рахат Тұрлыхановтың жұлдызын жаққан Болманов, әр жыл сайын әртістер марапатталатын «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағынан биыл да құр қалған. Бұл туралы Shownews.kz ақпарат агенттігі жазды. 
«Қыдекең, әлі бұл атақты алған жоқ. Біз үшін бір түсініксіз жағдай. Бірақ, көрермен олай ойламайды. Халық Қыдекеңді бәрінен бұрын атақ алған азамат деп қабылдайды. Солай түсінеді. Тіпті, мына әңгімемді естіп отырған адамдар сенбейтін де шығар. Шындығына келсек солай!» – деді Қарақат Әбілдина.
Десе де, Болмановтар отбасында қайраткер атанған жалғыз ғана жан бар. Қарақатты Қыдырәлі танытқанымен отағасының алдын орап кеткен Әбілдинаға осыдан екі жыл бұрын аталмыш атақ бұйырыпты.
«2017 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын елбасымыз, тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан Ақордада мен алдым. Құдайға шүкір, қуаныштымын!» – дейді Қарақат.
Алайда, Қарақаттың да қайраткерлікке қол жеткізуі де жыр болған. Алғашқыда жұлдызды жұптың екеуі де «еңбек сіңіргендер» тізіміне тіркелген көрінеді. Бірақ, кейін хабарласып ерлі-зайыптыларға күтпеген талап қойылады.
«Негізі жағдай былай болды. Екеуміз де бірдей «еңбегі сіңген әртіс», «қоғам қайраткері» дегенге ұсынылған болатынбыз. Содан кейін марапат болардың алдында бізге хабарласып: «бір үйден екі адам алуға болмайды», – деді. Таңғалдық. Екеуміз де сахнада бірге жүрген соң түсіне алмадық. Бұл да біз үшін бір құпия болды. Содан кейін барып Қарақат, сен алшы дейді. Сөйтіп ақылшы ағаларымызға барсақ, олар басшылыққа хабарласты бұл қалай болғаны деп. Сосын менен сұрады қайсысыңа берсін деп, Қарақатыма беріңдер дедім», – дейді Қыдырәлі Болманов.
Продюсер ретінде атақты Қарақатқа беруді өтінген Қыдырәлі, бүгінге дейін қайраткерлер тізіміне енбеген. Бірақ, Болмановтың көкейінде мың сауал!
«Мен атақ алмадым деп ренжімеймін. Бірақ, түсіне алмай жүрмін жағдайды. Бір үйден тек бір адам алады деген ойға қонымсыз. Бұрындары үйлерге шәй тарататын. Сол кезде үйде қанша бала бар деп сұрайтын. Бұл да бір сондай жағдай болды», – дейді Болманов.
«Мені сахнаға жетектеп шыққан Қыдекең болса, ол кісінің ниеті түсінікті ғой. Жолын беріп, Қарақатым алсын дегені. Бірақ, әлі күнге дейін түсіне алмай келеміз. Менің атаққа ие болғаныма екі жылдан асты ғой», – деді Қарақат.
Атақтан қағылған Қыдырәлі қам жемейді. Болманов үшін халықтың батасы мен елдің сүйіспеншілігі болса жеткілікті.

stan.kz

22 желтоқсан 2019 ж. 392 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930