» » » Астана балет театры 8 наурыз мерекесіне орай «Көктемнің шуағы» кешін ұсынады

Астана балет театры 8 наурыз мерекесіне орай «Көктемнің шуағы» кешін ұсынады


Халықаралық әйелдер күніне орай, «Көктемнің шуағы» атты балет кеші «Астана Балет» театрында наурыздың сегізі мен тоғызы күндері өтеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жүз жыл бұрын Вольтер, барлық қарама-қайшылықтар әйел жүрегінде тоғысатынын айтқан еді. Гала концерт бағдарламасы да, классиктің осы пайымына қарай құрастырылды: эмоциялық қуаты әртүрлі нөмірлер нәзік жандылардың болмысының сан-алуан қырын ашады. Ал, олардың бәрін біріктіретін лейтмотив – көктем қарсаңындағы романтикалық көңіл-күй.
Концерттің бірінші бөлімінде Глюктің назды «Мелодиясын» солисттер Айнұр Нүспекова мен Фархад Буриев орындайды. Көпшілікке белгілі осы биді бір кезде Асаф Мессерер бойжеткен шәкірті, болашақ балет жұлдызы Марина Кондратьева мен Үлкен театрдың аңызға айналған бишісі Марис Лиепаға тарту еткен еді. Серіктесінің созылған қолына қонған балерина әуеде қалықтап тұрғандай көрініп, қанат біткен құсқа ұқсап кетеді.
Балет өнерінің символына айналған Анна Павлованың құрметіне «Калифорниялық мак» биі орындалады. Петр Чайковскийдің музыкасына қойылған биде, балерина өмірдің баянсыздығын көктемгі гүлдің дірілдеген жапырақтары арқылы жеткізеді. Жел тұрса, олар үзіліп кетуге шақ. Бұл биді балет солисттері Надежда Омарова мен Айнұр Әбілғазина орындайды.
Балеттің жетекші солисттері Риза Қанатқызы мен Татьяна Тен «Diversity» балетінің партияларын орындайды. Пьетро Масканьидің алғашқы үзіндісі мәңгілік махаббаттың романтикалық ұраны іспетті, ал, Массне музыкасына қойылған екінші үзінді испан әуендерінің екпінді ырғағына қарама-қайшы орындалады.
Аталған миниатюралардан бөлек, бірінші бөлімде, сонымен қатар, Рахманинов, Гуно мен Минкус музыкасы әуелеп, ал, соңғы эпизод ретінде Морис Равельдің «Клеопатра» балетінің ақырғы сахнасы алынған. Хореограф Николай Маркелов композитордың әйгілі шығармасын таңдап, оқиғаны Ежелгі Мысыр даласына көшіріп, оған өзге бір реңк бергендей болды. Оның ырғағы тыңдарман қауымның көңілін баурап, ал, әдемі костюмдер мен бидің ерекше пластикалық тілі көздің жауын алады.
Екінші бөлімде, Рикардо Амарантенің көрермен қошеметіне бөленген «A fuego Lento» бір актілі балеті көрсетіледі. Мұнда бойжеткен мен бозбаланың бас қосқан кезінде пайда болатын сезім толқынын тануға болады: бастапқы қызығушылықтан бастап, жан-тәніңді өртеген құмарлыққа дейін. Балеттің эмоциялық қуатын еселету үшін, балетмейстер бразилиялық самбо биінің элементтерін қолданады. Театр репертуарындағы осы спектакль өзіндік бояуымен ерекшеленіп қана қоймай, көрермен қауым мен әртістердің де ерекше ықыласына ие.





Baq.kz
03 наурыз 2018 ж. 1 243 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 11:21
Pfizer Website Viagra Sales propecia cost Amiloride Online Pharmacy No Prescription Needed

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 22:31
Buy Albuterol Inhaler Online Cheap O Comprare Kamagra In Francia Prices Cialis Walmart cheapest cialis 20mg Canada Branded Viagra Order Isotretinoin No Rx With Free Shipping

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930