» » » "Жеке өмірімді бұзу үшін ойына келгендерін істеп жатқандар көп": Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтты

"Жеке өмірімді бұзу үшін ойына келгендерін істеп жатқандар көп": Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтты

"Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар!" - дейді әнші.

Соңғы уақытта Еркенің әндері емес, жеке өмірі де хит болып кетті. Оған себеп - жаңа махаббаты. Оның жаңа сүйіктісін білген тыңдармандар түрлі әрекеттерге көшкен. Тіпті соңғы жаңалықтарда әншіні "өлтіріп" тастағандар да бар екен. Бұл хабардың жақындарына ауыр тигенін айтқан әнші, төмендегідей жазба жариялады.

Ерке Есмахан: "Бүгін менің анамды, бауырларымды, жақындарымды, достарымды, тыңдармандарымды қорқытып осындай жалған жаңалық таратқан адамдарды бір Аллаға тапсырдым! Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандарда көп! Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар! Мен бәрібір ешкімге жамандық тілеп өзімнің таза, пәк жүрегімді ластамаймын! Бәріңізге тек жақсылық тіледім! Аман болыңыздар!".

Осылай деген әнші тыңдармандарына фанаттан бұрын, адам болуы керектіктерін есіне салды. Бұл жазба желіде кең тарап, оған 8000 жуық адам пікір білдірген. Олар әншіге "Есесіне ұзақ өмір сүресіз", "Бұл үшін қамықпаңызшы" деген сынды пікірлерін көптеп жазған. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева, Айнұр Асанберді, Нұрболхан сияқты өнердегі танымал жандар бар. Солардың бірі, Нұрболхан, "Адамның санасы төмен болса фанат боп та, адам боп та жарытпайды. Аллаһ иман берсiн сол жетесiздерге. Олардың сөздерi сенi қайғыртасын деген. Мойыма, Ерке. Ғұмырың ұзақ болсын!" деген ой қосқан.



10 мамыр 2021 ж. 472 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031