"Шегіп алған инелік": Ресейде "Маска" шоуы үшін "Хабар" арнасы күлкіге қалды
Қазақстанда қарапайым қуыршақтардың көмегімен “Маска” шоуының көшірмесін жасауға тырысты. Нұр-Сұлтандық әріптестер басты қатырмай, треш-шоуды ең арзан нұсқада ұсына салды. Жергілікті шоу-бизнес өкілдері өз ақшаларына костюм тігуге дайын болды. Бұл туралы Stan.kz Лайф басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі ең танымал телевизиялық жоба қазақ жұлдыздарына ғана емес, көрермендерге де ауыр сынақ болды. Ресейлік шоудағыдай мұнда да 14 танымал тұлға қатысты. Алайда НТВ қойылым, декорация мен костюмдерге қыруар қаржы жұмсаса, қазақстандық әріптестер бюджетті барынша үнемдеуге тырысқан, дейді Лайф журналисі.
Білмейтіндер болса, “Маска” – танымал тұлғалар түрлі жануарлардың кейпінде сахнаға шығатын құпия шоу. Олар ән салып, би билейді, өзгертілген дауыспен өздері туралы қосымша ақпарат береді. Әділ-қазылардың міндеті – жұлдызды табу. Түсірілім құпия жағдайда жүргізіледі. Қатысушылар шоу туралы ешкімге, тіпті, отбасы мүшелеріне айта алмайды. Айтып қойған жағдайда заңмен қудаланады, миллиондап айыппұл төлейді. Әр шығарылым сайын интрига қыза түседі, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланады.
Қазақша “Маскада” негізінен әншілер бой көрсетті. Олардан бөлек, тек үш актер мен бір блогер болды. Шоуда арқар маскасымен өнер көрсеткен Ерден Жақсыбеков жеңіске жетті. Шоу аяқтала салысымен өнерпаз маскада өнер көрсету адам төзгісіз қиын болғанын мойындады.
“Костюм өте ауыр болды, масканы сахнаға шығардан 1 минут бұрын кидік, әйтпесе шыдамас едім. Әр ән айтқан сайын ауа жетпей тұрғанын ұмытып, есімнен таңа жаздадым. Жеңемін деп ойламадым”, – деп бөлісті Ерден.
Әлеуметтік желіде “қайтпас инелік” атанған қатысушы халықтың ерекше назарына ие болды. Инелік маскасында танымал әнші Әсем Жакетаева өнер көрсетті. Оның даусы таныс болса да, әділ-қазылар төртінші шығарылымға дейін оны танымағандай кейіп танытты.
Негізінде қазақстандық және ресейлік “Маска” ұқсас. Бірақ шамамен “Алиэкеспресстен” күтетін және шынайы келетін тауармен теңеуге болады, дейді Лайф.ру журналисі Василий Климов.
Ал шоу продюсері Гүлнұр Мамасарипова костюмдерді елдегі ең мықты дизайнерлер тікті, деп сендірді. Негізінен тұрмыстық қалдықтардан тігілген.
“Біз әлеуметтік желіде сауалнама жүргіздік. Образдарды халықтың өзі таңдады. Әрине, нұсқалар көп болды. Костюмдердің әдемі, қызықты әрі ұғынықты болуы үшін жұмыс істедік. Оларды жасау үшін күндіз-түні үлкен команда жұмыс істеді”, – деді Мамасарипова Хабар 24 телеарнасына.