» » » Жұлдызай Дүйсенбиева: "Шаншардан" да, "Алдараспаннан" да кеткеніме өкінбеймін

Жұлдызай Дүйсенбиева: "Шаншардан" да, "Алдараспаннан" да кеткеніме өкінбеймін

Жұлдызай Дүйсенбиева өнер жолында сатқындардың көп кездескенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Сатқындық туралы сұрағанда Дүйсенбиева жауап беруге қиналып қалды. Бұл әңгімені қозғағысы келмейтінін айтты, әсіресе "Шаншар" мен "Алдараспан" туралы сұрақ қоймауды өтінді.
 
Әйткенмен Аман Тасыған әңгіменің шетін шығарды.
 
"Сатқан адамдардың ешқайсысынан күткен жоқпын. Олардың жанымда жалау боп жүріп, сатып кететіндерін білгенде олармен дос та, әріптес те болмас едім.

Мен оларды еске алмауға тырысамын, өмірімде қалып кеткен адамдар", – деген Жұлдызай кеудесінде "жара" қалып кеткенін жасырмады. 

"Шаншардан" да, "Алдараспаннан" да кеткеніме өкінбеймін. Екеуінен де кетпесем, дәл қазір алдыңда сұхбат беріп отырмас едім", – деп мәлімдеді ол.

Сұхбат барысында актриса журналист Аман Тасығанның "Қазақтар біріге алады, бірақ бөлісе алмайды" деген пікірімен толықтай келісетінін жеткізді. 

"Дүние ғой сол. Бөлісе алмадық деген сөз қате. Бөлісе алмайтындай олармен санасып, "қалай да осынша бересіңдер" деген жоқпын. Өздерінің берем деген уәдесінде тұрмады. 

Таласқан жоқпын, тек уәде етілген өзімнің еңбекақымды сұрадым. Бар кінәм сол. Бір сөзбен айтқанда, уәдесінде тұрмады", – деп жан сырын ақтарды ол.
22 шілде 2021 ж. 1 155 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 1 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031