» » » "Келісім бермедім": Асылхан Төлепов өз суретін вакцинаны үгіттеуге қолданғандарға шүйлікті

"Келісім бермедім": Асылхан Төлепов өз суретін вакцинаны үгіттеуге қолданғандарға шүйлікті

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов әкімдік пен министрлікке үндеу жасады. Өнер иесі өзінің суретін вакцинаны үгіттеуге рұқсатсыз пайдаланып жатқанына шүйлікті.

Асылхан Төлепов бұл жайтқа қатысты өз наразылығын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол Stories бөлімінде шенеуніктерге арнайы үндеу жасаған. Актер коронавирусқа қарсы екпені үгіт-насихат үшін емес, өзі үшін алғанын айтты. "Қайырлы күн баршаңызға! Министрлік, әкімдікке қатысты. Вакцинация туралы посттарыңызға суретімді рұқсатсыз қолданбауларыңызды сұраймын. Мен өзім үшін алдым, үгіт-насихат үшін емес. Менен ешкім рұқсат сұрамады, сұрағандарға келісім бермедім! Рақмет", - деп жазды Төлепов.

Айта кетейік, елімізде індет әлі де өршіп тұр. Өткен тәулікте республика бойынша 7691 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
31 шілде 2021 ж. 316 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930