» » » Асылхан Төлепов депутаттық қызметі үшін мемлекеттен бір тиын да алмайтынын айтты

Асылхан Төлепов депутаттық қызметі үшін мемлекеттен бір тиын да алмайтынын айтты

«Жаужүрек мың бала» тарихи фильміндегі Сартай рөлімен көпшіліктің жүрегін жаулаған актер Асылхан Төлепов өнерге басым бет бұрмақ. 2 жыл бұрын мемлекеттік қызметкер атанып, халық қамын жеген азаматтың алдағы жоспары қандай? Бұл туралы Төлеповтің өзі айтып берді.




Асылханның халық қалаулысы болғанына тұп-тура 2 жылдан асты. Сол кезде шаһар басшысы арнайы төсбелгі тағып, шенеуніктер қатарына қосқан болатын. Мемлекеттік мандат бұйырғалы мақтаулы жігіттің мардымды қызмет жасағанын естімеппіз. Сондықтан болар, Төлепов мемлекеттен бір теңге алмай, өнерден өз нәпақасын тауып жүр, деп хабарлайды HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.


«Менің негізгі мамандығым, отбасымды асырап, нан тауып отырған негізі жұмысым – актерлік. Мамандығым осы. Осыған 7 жыл оқыдым. Ал Наурызбай ауданының атынан сайланған Алматы қаласының мәслихат депутаты қызметіме де үлгеріп жатырмын. Атқарып жатқан жұмыстарым бар. Шыны керек, ол жерден жалақы алмаймын. Көбісі “депутат болды, миллиондаған айлық алады”, “көмекшісі бар”, “шетелде жүреді” деп ойлайды. Ондай жоқ. Бұл қосымша жұмыс», – дейді актердің өзі.

Асылханның алар белесі алды. Оған көпшіліктің сенері хақ.

Бір жыл бұрын отау құрған азамат қазір көпшілік көзінен тасада. Алайда қазіргі сәтте жаңа бейнебаянның түсірілім алаңында жүр. Туынды жөнінде толық айтпаса да, өзіне деген ұсыныстың бұрынғыға қарағанда азайғанын жасырмады.

Stan.kz
23 тамыз 2018 ж. 832 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930