» » » Мамандық бойынша жұмыс істемекпін: Төреғали Төреәлі түсіріп жатқан фильмі жайлы

Мамандық бойынша жұмыс істемекпін: Төреғали Төреәлі түсіріп жатқан фильмі жайлы


Төреғали Төреәліні көпшілік айтыскер ақын, кейіннен хит әндердің орындаушысы ретінде таныды. Алайда Төрештің диплом бойынша алған білімі басқа. Ол Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Анар Батырхан сынды киножұлдыздармен бір топта оқыған. Яғни, Ұлы дала баласының да негізгі мамандығы актер, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл орайда Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсіріп, мамандық бойынша жұмыс істегелі жатыр.
“Алла қаласа, мені актер ретінде көресіздер. Есім Сегізбаев актерлік шеберліктен сабақ берген ұстазым. Сол кісінің ақ батасын алу керек. Сол кісінің ұясынан тілеп ұшқаннан кейін, ойымдағы нәрсе осы кино. Ол кісінің шәкірттері өте көп. Қыдырәлі Болманов, “Алашұлы” тобы. Бұл өнерді оқығаннан кейін, аманат қылып жүктеп мойынға алғаннан кейін көрсетуім керек шығар?! Не театрда жұмыс істеуім керек, не фильмге түсуім керек. Ол – менің мамандығым. Сондықтан мамандық бойынша жұмыс жасайын деп тұрмыз”, – деп түсіндірді ол.



http://stan.kz
27 маусым 2018 ж. 2 164 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930