» » » Мақпал Исабекова: Күйеуде болудың соншалықты күшті екенін неге ертерек айтпадыңдар?

Мақпал Исабекова: Күйеуде болудың соншалықты күшті екенін неге ертерек айтпадыңдар?

Мақпал Исабекова отбасын құрғалы өзін ерекше бақытты сезінуде. Әнші мұндай күйді бұрын-соңды басынан кешпегенін айтады. Ол күйеуге шыққаннан кейінгі сезімдерімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.


"Күйеуде болудың соншалықты күшті екенін неге бұрын айтпадыңдар, қыздар?

Кеше құрбым: "Саналы жаста тұрмысқа шығу деген бөлек, жақсырақ, иә?" - деп сұрады. Келісе салдым. 

Бірақ салыстыратындай, мен жас кезде тұрмысқа шықпадым. Меніңше, бастысы, сенің адамың екенін және шашың ағарғанша сонымен бірге өмір сүргің келетінін сезу", - деп жазды Мақпал. 

Айта кетейік, жақында тұрмыс құрған Мақпал Исабекованың жарының есімі - Радион. Әнші күйеуінің өзге ұлттан екенін растаған еді. Жігіттің туған жері - Целиноград (Нұр-Сұлтан). 

Бұдан өзге, Мақпал жақында стористе оқырмандарына берген жауабында ішімдіктен түбегейлі бас тартқанын айтты.
"Ішімдіктен бірнеше жыл бұрын бас тарттым. Қазіргі уақытта белгілі бір іс-шараға орай бір шыны шарап ішуім мүмкін. Одан көп емес. "Бүгін жұма, көңіл көтереміз, ішімдік ішеміз" сынды лозунгтардың дәурені өткен. Сау күйімде де көңіл көтере аламын", - деп түсіндірді Исабекова.
24 тамыз 2021 ж. 1 074 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930