» » » Майғазиев Исабековамен болған дауға қатысты: Мені сыйламағандай көрінді

Майғазиев Исабековамен болған дауға қатысты: Мені сыйламағандай көрінді

СÓкен ÐайÒазиев-ÐаÒпал ÐÑабекова

Таяуда әріптесіне ренжіген Сәкен Майғазиев өз әрекетін түсіндірді. Ол Мақпал Исабековамен сөзге келіп қалуының себебін айтты. Әнші әріптесінің әрекетін сыйламағандық деп бағалапты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Есте болса, Сәкен мен Мақпал I am a Singer жобасында үміткердің келесі кезеңге өткізу-өткізбеу мәселесіне келгенде дауласып қалған болатын.
“Мақпал Исабекова қарындасыммен, әріптесіммен келіспей қалдым. Басында қалжыңдап отқанмын, жасырмай-ақ қояйын. Ер азамат болмаса, қатты қоқан-лоққы көрсетіп, белден басатын кезде ғана ашуланатын адаммын, былайша сабырлымын. Басында қалжыңдап, келіседі деп ойладым. 100 пайызға сенімді болдым. Сөйтсем Элхан “жоқ” деді. Оның даусы өтіп кетті. Мақпалды көндіре бастадым. Бейонстің әнін керемет орындады. Оның қанша кавер нұсқаларын қарап, ізденіп, солай орындағанда Макося келіспей қойды”, – дейді Майғазиев.
Жоба барысында Сәкен әріптесі “жоқ” деген жағдайда орнынан тұрып, кетіп қалатынын айтқан-ды. Алайда әнші алғашқыда бұл сөзді Мақпалды көндіру үшін қалжың ретінде айттым, дейді. Ол осылайша әріптесінің келісе салатынына сенімді болыпты.
“Келіспесең, кетіп қаламын деп қалжыңдап отырғам. Әрі қарай сөзімде тұруым керек болды. Шынымен мені сыйламағандай болып көрінді. Неге десеңіз, мен осы жобада үш қызға қатты жүрегім ауырды. Меруерт Мүсірәліге, Гүлназ Батталова мен кешегі Жанерке Қабатаеваға… Бұл үш қыз да биіктен көрінетініне сенемін. Соншалықты менімен санаспай, белден басқанына да ашуланып тұруға мәжбүр болдым. Әйтпесе сабырлық та жетеді. Қазылардың санатында боламын деп халыққа уәде беріп қойдым”, – дейді Сәкен ағынан жарылып.
Ал жауаптан қашқан Мақпал Исабекова ақырында өз ойын былай жеткізді:
“Бұл сұраққа жауап бермей-ақ қояйын. Өйткені біреуге ештеңе жапқым келмейді, өзімді де ақтағым келмейді. Төртеуміз отырғаннан кейін, бәріміздің даусымыз қатар жүреді. Соны ғана қабылдап, халық дұрыс түсінсін.
Мен тек қана өз пікірімді айтып отырамын, ол басқа төрешілермен сәйкестік таппай жатса, мен не істеймін? Онда менің көнгенім болады. Жолы үлкен ғой деп келісе салсам, халықты алдағаным болады”.


Stan.kz

09 қазан 2018 ж. 969 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930