» » » Баян Алагөзова: Меркельдің қайда тұратынын бүкіл ел біледі, ал біз әкімнің есімінен басқа не білеміз?

Баян Алагөзова: Меркельдің қайда тұратынын бүкіл ел біледі, ал біз әкімнің есімінен басқа не білеміз?

Баян Алагөзова Алматыдағы әкімдік күзетшісі мен журналистің текетіресіне қатысты пікір білдірді. Продюсер екеуінің әрекетіне баға беруден шет қалып, оқиғаның туу себебіне тоқталды. Ол шенеуніктердің халыққа қолжетімсіздігі жайлы ашына айтты, деп хабарлайды Stan.kz.


"Журналист пен күзетшінің текетіресі екі күннен бері ел талқысында. Біреу сөз бостандығын, енді біреу тәртіп пен ереженің сақталғанын қолдайды. Олардың әрекетін бағаламаймын, оны атқаратын құқық қорғау органдары бар. 

Мен оқиғаның салдары емес, түпкі себебі – біздің шенділердің қолжетімсіздігі туралы айтқым келеді", – деген Баян Мақсатқызы қазақтың әлемдегі ең көпшіл халық екенін атап өтті. 

Алайда продюсер қазақтың қандай да бір қызметі жоғарылап, креслоға отырса, үзілді-кесілді елмен араласудан қалатынын жеткізді.

"БАҚ нөмірі 1-ші жауға айналса, ресми сайтта көрсетілген ақпараттан артық дүние білгісі келетіндердің бәрі – жауыз, қызғаншақ болып шығады.

Мемлекеттік сатып алуға, әкімнің жоспарына, оның жеке өміріне, табысына, декларацияға ешкім қызығушылық танытпауы керек. 

Ангела Меркельдің қала ішіндегі және сыртындағы үйін, күйеуінің қайда және кім болып жұмыс істейтінін, қанша айлық алып, қандай супермаркеттен азық-түлік алатынын бәрі біледі. 

Ал мен өз ауданымның әкімі жайлы оның есімі мен қысқаша биографиясынан басқа не білемін? Ештеңе!

Әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет ететінін түсінуі керек. Ол өзінің "жұмыс берушісіне" жылына бір рет есеп беру кезінде ғана емес, қай кезде де қолжетімді болуы керек!

Кешегі жағдай не себепті туындады? Журналист басшыдан сұхбат алу үшін әкімдікке 3 рет келген. Бірақ оны кіргізбей қойған, себебі әкім бәрін қабылдамайды. 

Біздің әкімдіктер – қауіпсіздік деңгейі жоғары объектілер, Пентагонды не ала, не бере алмайсың. Қолдары бос емес деп санайық, ок. Жұмыс атқарып жатсыздар ма? 

Онда бізде артық сұрақ болмас үшін нәтижені көрсетіңіздер. Ал сіздердің жұмыстарыңызға көңіліміз толмайды екен, халыққа және БАҚ-қа жауап беріңіздер", – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары продюсердің батыл жазбасына риза болып, алғыс айтты.

"Өте дұрыс айтылған", "Тек қана сіз жоғарыдағыларға жауап беруден қорықпайсыз. Жарайсыз", "Өте нақты жауап бердіңіз", "Сізбен толық келісемін, олардың халықтан жасыратыны бар", – деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда әкімдік күзетшісі ғимаратқа кірмек болған журналисті күштеп сыртқа шығарып жіберген еді. Журналист оқиғаның видеосын Facebook-те жариялады. Бұдан кейін Алатау ауданының әкімі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

26 тамыз 2021 ж. 980 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930