» » » Баян жаңа кітап жазып, басып шығармақ

Баян жаңа кітап жазып, басып шығармақ


“Баян. Өзім жайлы ғана емес”. Танымал продюсердің алғашқы автобиографиялық кітабы осылай аталды. Табысты жазушы болатынына сенген Алагөзова тырнақалды туындысын 20 мың данамен басып шығарған еді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алайда Алагөзова белгілеген межеге жете алды ма, жоқ па, ол жағы ақыры белгісіз болып қалды. Еліміздің әр қаласында жеке-жеке тұсаукесер өткізгеніне қарағанда, 20 мың дана кітап дүкендерде бірден таусыла кетпеген.
Ал қартайғанда бір-ақ қолына қалам алуды жоспарлаған Баян Мақсатқызы бұл ойынан айнып қалған ұқсайды. Себебі атақты продюсер тағы бір кітап жазбақ ниетте. Бұл жайлы Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Бір қызығы, бұл жолы Мақсатқызы отбасы не болмаса басынан өткен махаббат хикаялары жайлы емес, әзірге өзіне де белгісіз оқырманы туралы қалам тербемек.
“Менің жаңа кітабымның кейіпкерлері болғыларыңыз келе ме? Мені сендірген әрқайсысыңыз туралы жазатын боламын. Жақын күндері, бүкіл елге танымал кейіпкер болу үшін, не істеу керектігін жазамын”, – деп хабарлады ол.



http://stan.kz
28 маусым 2018 ж. 1 154 0