» » » Қазақстандық әртіс шетелдіктерге арналған «Италия Жұлдызы» орденінің иегері атанды

Қазақстандық әртіс шетелдіктерге арналған «Италия Жұлдызы» орденінің иегері атанды


Кеше Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Медет Шотабаев «Италия Жұлдызы» Орденінің кавалері атанды. Шетелдіктерге арналған жоғары итальяндық марапаттың  жарты ғасырдан астам тарихы бар. Ал Медет Шотабаев осы уақыттың ішінде әнші командор дәрежесіне ие болған алғашқы қазақстандық болып, осынау жоғары марапатқа иегері атанды.

Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жоғары марапатқа ие болған Медет үздік әлемдік сахналарда басты партияларды сәтті орындап келеді. Ол Бразилия, Франция, Финляндия, Румыния сынды елдерде өнер көрсетті.
Жақында ғана солист Братиславадан өнер көрсетті. Талантты әртіс Словакия ұлттық театрының сахнасында Дж.Вердидің «Травиата» операсында Альфред партиясын тамаша орындап шықты. Қазақстандық  солитті Италиямен көп нәрсе байланыстырады. Ол Рената Тебальди мен Марио дель Монако атындағы академияда білім алған.
Шет елде танымалдылыққа ие болған қазақ жігіті 2008 жылы Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты атанған. Ол сондай-ақ, 2009 жылы Финляндияда өткен  Халықаралық конкурста Гран-приді жеңіп алды. Қазақстандық тенор Медет Шотабевты көрермендердің бәрі жақсы көреді. Оны тіпті итальяндықтар көшеде танып, қолтаңбасын сұрайды екен. Шетелдіктер ол өнер көрсететін қойылымдарды жибермеуге тырысады.
«Бұл жоғары марапаттың иегері болу мен үшін күтпеген жағдай болды. Еңбегім еленіп, бағаланғанын біліп, ерекше қуанышқа бөлендім. Осыған дейін жасаған жұмысым еш кетпегеніне қуаныштымын. Италияда көп өнер көрсетемін және бұл елде өзімді еркін сезінемін. Италия Елшілігінің концерттерге қатысу туралы шақыртуларын әрдайым зор қуанышпен қабыл аламын. Жақында итальяндық әріптестерімізбен бірге Астана мен Алматыда музыкалық кеш өткіздік. Әріптестерім скрипка, альт, фортепианода шеберлікпен ойнап шықты. Дегенмен ең әсерлісі – мандолинадағы өнер көрсету болды. Бұл ерекше аспаптың вокалмен бірге дыбысталуы ғажап әсер береді. Одан шыққан үннен тыңдармандар өздерін Италияда жүргендей сезінді. Италия Елшілігі ұйымдастыратын жобаларды қуана қолдап тұрамын. Менің ойымша, бұл да Қазақстаан мен Италия арасындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайтады», – деп атап өтті «Астана Опера» театрының жетекші солисті Медет Шотабаев.



http://stan.kz
27 наурыз 2018 ж. 813 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930