«SHUDDER IN THE LOINS». ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТТІРГЕН ПРЕМЬЕРА!
Наурыздың 29-ы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театры сахнасында «Аққу көлі» сарыны бойынша “Shudder in the loins” хореографиялық фантазиясы қойылмақ.
Алматылықтар үшін әйгілі қойылымның заманауи нұсқасын Женева Үлкен театрының хореографы Симон Репеле дайындаған. Қазіргі заманның би ағымдарына бей-жай қарамайтын Grand Théâtre de GenèveТеатрының жетекші солистері Юми Айзава мен Саша Риваның орындауындағы Дэвид Лангтың музыкасына қойылғанcontemporary-балетін ұсынады. Балет жанкүйерлеріне Ланг музыкасына жазылған бұған дейінгі постмодернистік қойылым белгілі болып келген еді. П.Чайковскийдің Гэвид Брайерс пен Дэвид Лангтың интерпретациясына арнап және оның музыкасына қойылған «Amjad» балеті кезінде канадалық La La La Human Steps балет труппасын танымал еткен болатын. «Ланг рухындағы» жаңа «Shudder in the loins» қойылымыбіздің опера және балет театрын әлемдік премьералық алаңға айналдыратынына сенім мол!
«Shudder in the loins» премьерасы Алматында наурыздың 27-29 аралығында өтетін Екінші халықаралық Ballet Globe фестивалі аясында өтеді.
Ballet Globe шарасын ArtClassic компаниясыФранцияның Алматы қаласындағы Бас Консулдығымен мен Алматы қаласы әкімдігініңбірлесе ұйымдастырып отыр.
Айта кетейік, фестиваль «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» қолдауымен өтіп жатыр. «Біз қазақстандық Ballet Globe фестиваліне қуана қолдау көрсетеміз. Екінші жыл өтіп жатқан шара елдің мәдени өміріне мән беріп, халықаралық беделін көтеруге ықпал ете бастады. Фестивальге тек әлемдік танымал әртістер ғана емес, Бордо Үлкен театрының, Женева Үлкен театырының көркемдік жетекшілері де келеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, Қор Селезнев атындағы АХУ шәкірттерінің Фестиваль меймандарымен шығармашылық кездесуін де ұйымдастырады. Осындай әр кездесу жас әртістердің армандарына жол ашып, олардың болашақта әлемдік деңгейді бағындыруға, жеңіске жетуіне деген сенім сыйлайды. Міне, сондықтан тамаша Наурыз мерекесінің көркін арттыра түсетін осынау үлкен мәдени шараны тағатсыздана күтеміз», - дейді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.
Бордо Үлкен театрының этуалдары Мауро Бигонцеттидің «Cantata» нөмірін назарға ұсынады. Қойылымның музыкалық негізі – италиялық ASSURD тобының Cantata mpruvvisata (Musiche Per Cantata). Бордо театры этуалдары премьера болмағанымен, Сара Ренда мен Роман Михалев үшін, сондай-ақ, алматылықтар үшін жаңа туынды.
Екінші халықаралық Ballet Globe фестивалінің бағдарламасы балет аясындағы мәдени символика мен мәдени мұраны біріктіретін премьера мен классикалық қойылымдарға толы! 200 жыл бұрын наурыз айында орыс балетінің негізін салған қоюшы-хореограф Мариус Петип дүниеге келді. Бүгінде әлемдік мәдени мұрасының қазынасына айналған және дүниежүзіндегі ең ірі сахналарда қойылатын әйгілі балет спектакльдерін ең алғаш Мариус Петип П.Чайковскиймен бірге қойған болатын. Осындай шығармашылық иесінің 200 жылдығына орай әлемдік мәдени қоғамдастық көптеген шаралар өткізіп жатыр, өз кезегінде Қазақстан да біртуар өнер иесіне балет фестивалін арнап отыр, олар: «Баядерка», «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі» тақырыбындағы фантазиялық қойылым... Ең үздік қойылымдар, ең үздік премьералар! Балетті шын сүйетін қауым фестиваль аясында тағы бір маңызды датаны атап өтпек. Наурыздың 28-де, яғни мәскеулік Үлкен Театрдың негізі қаланған күні осы театрдың жұлдыздары Екатерина Крысанова мен Игорь Цвирко «Баядерканың» басты партияларымен Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театры сахнасына шығады!
ArtClassic бас директоры Ерлан Андағұловтың айтуынша, Екінші Ballet Globe нағыз «фестиваль рухын» оятпақ. «Фестиваль екінші жылға ұласты. Қазірдің өзінде бұл тек үлкен гастроль, әр елдер мен мектептерді қамтитын шараға айналған жоқ. Дегенмен, бұл өлшемдердің де маңызды екені белгілі. Фестиваль – бұл эксклюзив, алғашқы көрсетілім алаңы! Бізді әлем театрлары дәл осы тұрғыдан танып отыр!».

http://syrboyi.kz