» » » Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды


Ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда Абай атындағы Опера және балет тетарында өтіп жатқан Қазақстан Жазушыларының 15-ші құрылтайында жаңа төраға сайланды. Жазушылар одағы мүшелерінен іріктеліп алынған 150 жазушы дауыс берді. Мінбеден сөз сөйлеген ақын-жазушылар Ұлықбек Есдәулеттің ұйымдастырушылық қабілетіне тоқталып, оның кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді. «Жазушылар одағының міндеті жазушыға қолдан келгенше қолдау көрсету. Жазушылар одағының жұмысы жаңа дәуірде өзгеруі керек. Осы жаңа заманға байланысты жобалар керек. Біздің бақытымызға орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарыққа шықты. Соны жүзеге асыруға Жазушылар одағы барынша атсалысуы керек», - деді Жазушылар Одағының жаңа төрағасы Ұлықбек Есдәулет.  
12 наурыз 2018 ж. 939 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 008

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031