Сыр сұлуы

Сырда туған сұңғыла қайраткер қыз,...Мәжілісте салады сайлап төрге із.
Том-том тарих сыпырсаң томағасын,
Томиристы туғызған айбатты елміз.
Бір қарасаң баурайды батыл жанар,
Сыр сұлуы, тарихта атың қалар.
Алдырмаған жоңғарға Қаратауда,
Асқар шың бар, аты оның «Қатын қамал».
Салады еске Сыр осы сырлы ананы,
Күнге  жақын қонған жұрт нұрлы алабы.
Бабаларым Гүлбаршын құрметіне,
Баршынкент деп атаған бір қаланы.
Баршасының  қоғамда бағасы бар,
Сол бақытты баланың анасы дәл.
Қырмызыдай құлпырған Қыз Жібекпен,
Бегім ана сіңілісі тап осылар.
Ұлы еңбекте аты озған Ұлбаладай,
...Бояныпты ақ күміс нұрға самай.
Күреңіткен жүзіне кеп қонады,
Таң көзінен тамшылап тұнған арай.
Тап-тұйнақтай талай іс тап кіріссе,
Қолтаңбасы қаншама қапты ұлы істе.
Жүзі жайнап зауқайым жымиғанда,
Кетеді ұқсап тістері ақ күрішке.
Әсем әнсің қазақтың баласына,
Әдемісің ұқсап Сыр қаласына.
Елбасымыз айтқандай екі бастан,
Ана болған Сыр елі Алашыма.
Жалт қаратқан жарты әлем... құрлығыңды,
Жанарында жасампаз Сыр бүгінгі.
Жанұяда ұрпаққа үлгі етеді,
Тірлігім мен тұп-тұтас Бірлігімді.
Аты шулы күрішші... жыршы бірі,
Тұғырында құрметтің тұрсың ұлы.
Ажарына Ай мен күн қонақтаған,
Атың мәңгі жасасын, Сыр сұлуы!!!
Толыбай Абылаев,
Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі,
 Жарасқан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың иегері
11 наурыз 2018 ж. 1 078 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930