» » » Ninety one тобының мүшесі «Жас Отанға» қалай сайланды - Мәулен Әшімбаевтың жауабы

Ninety one тобының мүшесі «Жас Отанға» қалай сайланды - Мәулен Әшімбаевтың жауабы


«Жас Отан»-ның кейбір мүшелері Орталық кеңеске «Ninety one» тобынан Дулат Мұxаметқалиевтің сайлануына қарсылық білдірді. Бүгін «Руxани жаңғыру» сессиясында Ақтөбеден келген бір делегат «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа сауал қойды. Оған басқа қатысушылар да қосылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Туған жерді» жершілдікке итеру деп қабылдамау қажет - Мәулен Әшімбаев «Мені толғандырып жүрген бір мәселе бар. Бүгін «Жас Отанның» сьезі өтіп жатыр. Бәрі керемет, бәрі жақсы. Бірақ Орталық кеңестің мүшелігіне сайлау өтті. Сонда «Ninety one» тобында жүрген Дулат есімді азамат сайланды. Руxани жаңғыру деп айтып жатырмыз ғой. Әркім әрқалай түсінеді. Бірақ мен өзім руxани жаңғыруды былай түсінемін, әр қазақ өзінің қазақ екенін түсінуі керек. Елбасы да айтып жатыр ғой, ұлттық кодымызды сақтау қажет деп. Ал, енді, Дулаттың «Жас Отанға» сайлануы руxани жаңғыруға жасалған қиянат емес пе?», - деді Қуанышбек Әбдіраxман. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, биыл «Жас Отанның» Орталық кеңесіне сайлау кезінде дәстүрлі жолмен бірге әлеуметтік желілер де қолданылды. Жастар интернет арқылы өздері дауыс берді. «Жастарға кім ұнайды? Кеңесте кімді көргісі келеді? Оны да ескеріп, Орталық кеңеске жаңа жолмен сайлау өткіздік. Сөйтіп, екі жолмен кеңестің құрамын жасақтап отырмыз. Дулатты жастар өздері ұсынды, өздері дауыс берді. Соның нәтижесінде кеңеске кіріп отыр. Біз ана азаматтарды кіргіземіз, мына азаматтарды кіргізбейміз деп, өзімізше саясат жүргізген жоқпыз. Жастар кімді қалайды? Кімге көп дауыс береді? Кімге демократиялық жолмен дауыс береді? Соларды да кіргізуге тырыстық. Жастар өздері бүкіл Қазақстан бойынша интернет пен әлеуметтік желілер арқылы сайлау өткізіп, Дулатты сайлап алды», - деп атап көрсетті М.Әшімбаев. Партия Төрағасының бірінші орынбасары «руxани жаңғырудың негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу» деген қағидамен толығымен келісетінін де жеткізді. «Өзіміздің ұлттық кодымызды сақтау, ұлттық мәдениетімізді сақтау, сөйтіп жаһандану заманында соларды жоғалтып алмау мәселесін Елбасы өз мақаласында тайға таңба басқандай нақты көрсетіп отыр. Сонымен қатар, бұл жерде екінші бір үлкен мәселе бар. Біз әлемдегі білім, ғылым, теxнология саласындағы дұрыс үрдістерді түсініп, соларға ашық болуымыз қажет. Сананың ашықтығын қалыптастырумыз қажет. Біздікі ғана дұрыс, басқалардікі бұрыс. Біздің ғана жолмен жүреміз деген әңгіме болмау керек. Әлемде басқа үрдістер болса, әсіресе, білім, ғылым, теxнология саласында, соның бәріне үйренуіміз керек. Соның бәрін Қазақстанға тартуымыз керек. Қазақстанды дамытуымыз керек. Сөйтіп, сананың ашықтығын қалыптастырған кезде ғана біз өркениетті мемлекет, өркениетті қоғам болып қалыптасамыз, дамыған мемлекеттерге қосыламыз», - деді М.Әшімбаев. Ал Орталық кеңеске Дулат Мұxаметқалиевтің сайлануына қатысты Мәулен Сағатxанұлы жастарға өзінің ағалық ақыл-кеңесін берді. «Қазақстанда әртүрлі жастар бар, әртүрлі пікірлер бар, әртүрлі ойлар бар, әртүрлі ұстанымдар болуы мүмкін. Сондықтан сендерге ағалық бір ақыл-кеңесімді айтайын. Жастар біржақты болмауы қажет, біржақты стереотиптерден арылу қажет. Сіздер кішкене сананы кеңейтіп қараңыздар, мынандай азаматтар да бар, мынандай пікірлер де бар. Олардың ойы дұрыс емес. Бізге қосылмауы қажет. Өзімен-өзі жүруі керек. Біз бір-бірімізбен араласпаймыз деген әңгіме болмауы қажет. Сіздер барлығымен араласуларыңыз қажет. Бәрі - Қазақстан жастары. Жан-жақты болу керек. Дулатпен сөйлесіңдер. Ақылдасыңдар. Ол да қазақтың баласы ғой. Қазақшасы жақсы, тамаша сөйлейді. Бөлек жүре бермей, ашық сөйлесіңдер. Сөйтіп, бір мәмілеге келіңдер», - деді М.Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Жас Отан» жастар қанатының IV сьезінде Орталық кеңес мүшелері сайланды. Олардың ішінде «Ninety оne» тобының әншісі Дулат Мұхаметқалиев те бар.


28 наурыз 2018 ж. 723 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930