» » » «Qazaqstan дауысының» финалында екі қызылордалық өнерпаз бақ сынайды

«Qazaqstan дауысының» финалында екі қызылордалық өнерпаз бақ сынайды

Елімізде Qazaqstan ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Qazaqstan дауысы» жобасы мәресіне жақындады.

Аталған жоба 4 ай бойы музыкалық бағдарламалар арасында топ жарып, рейтинг бойынша көш бастап тұр.

Финалда қатысушылар ғана емес тәлімгерлер де бәсекеге түседі. Соңғы айналымда әр үміткер екі әннен орындайды: жеке және тәлімгерімен бірге дуэтте ән шырқайды.

Ақтық мәре 25 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 19-30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Музыкалық байқаудың жеңімпазын көрермен SMS дауыс беру арқылы анықтайды.

«Qazaqstan дауысының» финалына жолдама алған үміткерлердің қатарында қызылордалық  Ернар Амандық пен Құралай Мейрамбек те өнер көрсетеді. Олардың тәлімгерлері Майра Мұхамедқызы мен Сәкен Майғазиев.

Сыр елінің намысын қорғап, мәдениет майталмандарының ізін жалғаған жерлестерімізге қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырамыз.

Айта кетейік, жобадағы Маржан Арапбаеваның тобынан Аружан Айдарбек, ALEM-нің тобынан Ерік Төленов сынды әншілер өнер көрсетпек.
23 желтоқсан 2021 ж. 412 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 745

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930