» » » Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды

Imanbek Ресейде жылдың үздік музыканты атанды



Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейде жыл музыканты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«MTV Россия» телеарнасы биылғы жылды қорытындылап, үздік музыканттардың тізімін жасақтады. Оның ішінде отандық жас диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) те бар.

MTV Россия таңдауына сай 2021 жылдың басты музыканттары: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Айта кетсек, теміржолда жұмыс істеген жас диджейдің танымалдығы 2019 жылдан бастау алады. Диджей Roses әніне (SAINt JHN) әніне ремикс жазып, ол көпшіліктің көңілінен шықты.

Сол шығармамен Grammy сыйлығын ұтып алды. Бүгінде Imanbek әлемдік деңдейдегі танымал музыканттар Rita Ora, David Guetta, 50 Cent, LP, Cher Lloyd, Alan Walker, Dua Lipа және басқа жұлдыздармен ән жазып үлгерді.
27 желтоқсан 2021 ж. 346 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031