» » » Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа үй беріп, ақшасын толық алмағанын мәлімдеді

Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа үй беріп, ақшасын толық алмағанын мәлімдеді

Әнші Бақыт Шадаева біраз жылдар бұрын әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа үй бергенін, ақысын жартылай ғана алғанын мәлімдеді. Айтуынша, Сейфуллин үйдің жарты ақысын әнмен қайтармақ болған. Алайда кейін сөзінде тұрмаған көрінеді. Әріптестер сол жағдайдан кейін араласпай кеткен. Бұл туралы Бақыт Шадаева Жан Ахмадиевке берген сұхбатында айтты.


"Өнерде жұлдызым жарқырап тұрған шақта Сейфуллин Жолбарысты бауырымдай көріп, барынша көмектестім", – деген Шадаева Сейфуллиннің өзіне ән жазып бергенін, гастрольдерге бірге шыққанын айтты. 

Айтуынша, ол Сейфуллиннің әлі танылмаған, өнерге енді келген кезі. 

"Онымен бірге талай жұмыстарды бірге атқардық. Қара шаңырақ үйіне де бардым. Үйі саманнан салынған, киіз жайылып, сыз тартып тұрған болатын. 

Менің екі бөлмелі үйім бар еді. Оны кіші қызыма қалдырам деп жүрдім. Сол кезде тағы да үлкендеу пәтер алатын болып, Сейфуллин менің бос үйімде тұрғысы келіп, өтініш айтты. Еш ойланбастан келістім. 

Арада уақыт өткен соң, ол үйімді сатып алғысы келді. Жарты ақшасын төлеп, жартысын әннің есебімен қайтармақ ниетте екен. Қасымда жүрген бауырым болғандықтан, тағы да келісім бердім. Нотариусқа барып, қол қойып, үйді саттым. Бірақ содан кейін Сейфуллин там-тұмдап қана ақша берді", –  дейді Шадаева. 

Әншінің айтуынша, Сейфуллин оған жалпы 1200 доллар қайтарған. Ал Шадаеваға деп жазып берген әндерін өзгелерге де таратқан. 

"Былайша айтқанда, лақтырып кетті. Үйді қайтарып алайын десем, өзім қол қойдым. Сейфуллин халық арасына кеңінен танылып, кейін үлкен үй де алды. Ал мен сол үйді садақа деп есептеймін қазір", - деп түсіндірді Шадаева. 
18 сәуір 2022 ж. 359 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930