» » » Димаш Құдайберген Астана сахнасында қарындасымен бірге өнер көрсетті (видео)

Димаш Құдайберген Астана сахнасында қарындасымен бірге өнер көрсетті (видео)


Димаш Құдайберген соңғы жылдары шетелдерде жиі өнер көрсетеді. Алайда ол Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Астанаға келіп, қарындасы Раушанмен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш пен қарындасы Раушан көпшілік алдына Селин Дионның «All By Myself» әнін орындап шықты.
Айта кетсек, аталған кешті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.



Өз кезегінде әнші қарындасы Раушанның алғаш рет сахнаға шыққанын атап өтті.
«Мен Қазақстандамын. Туған жеріме, еліме, Астанама келдім. Арнайы мерекелік шараға ат басын бұрып, Елбасымыз бен жерлестерімнің алдында өнер көрсету бақытына бөлендім. Бұл жолы қазақ еліне ыстық ықыласын білдіру үшін туған қарындасым Раушантай ең алғаш рет сахнаға шықты. Болашақта қандай мамандықты таңдасаң да, ең бастысы халқыңа қалаулы, еліңе елеулi бол, ботақаным!» – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.

http://stan.kz

02 мамыр 2018 ж. 2 659 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31