» » » Әбдіжаппар Әлқожа: Әйелім тым құрығанда бетімді әрлейтін әрлеуші емес

Әбдіжаппар Әлқожа: Әйелім тым құрығанда бетімді әрлейтін әрлеуші емес


Әбдіжаппар Әлқожаның отбасылы не бойдақ екенін жұрт біразға дейін білмеді. Ашып айтпағанына қарап, бойдақ шығар деп топшылады көпшілік. Бұл ретте інісінің отбасылық құпиясын Роза Әлқожа ашқан болатын.

Алайда Әбдіжаппардың өзі әйелін халықтан жасырмағанын айтады. Тек оны ел алдына шығара беруді әбестік деп санайды. Бұл туралы әнші Марал Сатқанғалиеваның “Сенбілік серуен” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
“Әйелім бар екенін жасырмаймын. Ең алғашқы кездің өзінде бағдарламаларға шықтық. Батаңызды беріңіз деп аталардың алдына шыққан кез де болды. “Халық, ақ келін түсті” деп те айтқан кезім болды”, – дейді Әлқожа.
Десе де, Әбдіжаппар бүгінде әйелін көрсете бермеуінің себебін түсіндірді.
“Менің әйелім өнерге дым қатысы жоқ. Не актриса, не әнші емес. Өнерде ең құрығанда бетімді әрлеп жүретін әрлеуші емес. Мен не деп оны жариялай беремін? Әркімнің өз жұмысы бар ғой. Өнерде менің өз жұмысым бар, оның үйде өз жұмысы бар. Мысалы, камераға түсіріп тұрған оператор көрінбейді ғой, сол сияқты дүние”, – деп түсіндірді ол.

http://stan.kz

13 маусым 2018 ж. 2 310 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31