Алматыда Виктор Цойға арналған ескерткіш ашылды
Алматыда Түлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ел есінде мәңгі қалған әйгілі «Кино» тобының әншісі Виктор Цойға арналған ескерткіш ашылды.
Бұл туралы Almaty_city парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Виктор Цойға арналған қоладан жасалған мүсіннің ашылуы 21 маусымда әншінің туған күнінде өтті. Бүгінде әнші тірі болғанда 56 жасқа толар еді.
Ескерткіш ел есінде мәңгі қалған музыканттың қатысуымен болған Ине фильмі түсірілген жерде, яғни Түлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында тұрғызылды. Дәл осы жерде «Ине» фильмінің соңғы түсірілімі өткен болатын, әнші онда Моро атты кейіпкердің рөлін сомдады.
Әншіге арналған ескерткіштің ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, отандық актерлер, әншілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Бәрімізге белгілі әнші Виктор Цой 1962 жылы 21 маусымда дүниеге келген. Кеңестік рок-музыкант, ән-жазушы, әрі актер «Кино» рок-тобының негізін қалаушы және көшбасшысы. Ол ән шырқап қана қоймай гитарада ойнап, музыка мен өлеңдер жазған.
Stan.kz