Бағлан Әбдірайымов қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуының себебін ашып айтты
Бағлан Әбдірайымов қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді. Әнші бұл жағдайға қоғамды, әсіресе ер азаматтар қауымын кінәлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
“Атадан ұл туса, құл болам, Анадан қыз туса күң болам” деп тумайды. “Ұстары жоқ қылыштың өткірінен не пайда, ұстанымы жоқ ұлыстың көптігінен не пайда” деген бабалар! Бүгінгі күні бәріміз болашаққа сенімсіз қарайтынымыз анық. Біраз адамның Қазаққа жаны ашып жүргенін байқамаймын ба әлде олай емес пе, білмеймін?! Алыстан тартпай, өнердегі бірге жүрген іні-қарындастарға батырып жазып, айтып та жүргенім де сол еді! Қазақ қызы өзге ұлтқа неге тұрмысқа шығады? Өйткені біз сырға таққан еркекке жақпыз, эротикалық клипті қолдаймыз! Бізге рух, намыс, тіл деген жағдай қызық емес”, – деп ашынды өнер иесі.
Әбдірайымов бұл жағдайды болдырмау үшін сырға таққан еркек пен жалаңаштанған әйелге қарсы тұруға шақырды.
“Жалаңашты жаңалық көріп, “хайып” үшін арын сатқан, санасы сан жаққа сандалған өнерпаздарымыз жеткілікті! Қазағымның руханиятын лайламаңыздар дегім келеді! Сырға тағып, ұлттық өнерімізге зиян тигізіп, азғындап жүрген өнерпазды көрсеңіз тыйым салуға ат салысыңыз, ағайын!
Өнер сүйер бауырлар, “балық бастан шіриді” деп өзгеге бұра салмай, эфирді өзіміз таңдайық, әдемі ән тыңдайық. Музыка адам жанын азғындату емес, музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс. Қазақ қызы Қытайға тисе ол емес, біз кінәлі, ел кінәлі!
Кезінде Гитлер соғыс ашар елге, арзан, жеңіл әндерді алдымен насихаттаған. Мақсаты: рухты өлтіру еді. Батысқа еліктеп, сахнаға жалаңаш шықса, қызымызға қырық жерден тыйым сала алмасақ, кімге ренжуіміз керек, ағайын? Намысты еркектің, намысты әкенің жоқтығы ма? Ояныңдар жігіттер! жарларыңа, қыздарыңа, қарындастарыңа сақ болыңыздар! Елдік іргесін сізбен біз сақтауымыз керек, ұмытпаңыздар! Әр саланың мамандары барынша бірігіп, ұлтқа өз үлесін қосуы тиіс! Бірлігіміз бекем болсын”, – деді ол.
http://stan.kz