Ұлдарымды қалай жұбатамын: Рахман Омар əйелін айуандықпен өлтіргендерді айыптады
Осыдан біраз уақыт бұрын елімізге танымал актер Рахман Омардың бірінші әйелін пәтер жалдаушы қыздар бауыздап өлтірген болатын. Денис Теннің мезгілсіз қазасын естіген актер қандықол қылмыскерлерді жазасыз қалдырмауды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.
"Адамның басы -Алланың добы"дейтін еді. Қазіргі жағдайда "Адамның басы - адамның добы"сияқты. Өйткені, адам өлтіру оп-оңай шаруаға айналды. Жөргегінен жарымаған, орта көрмеген, адами құндылықтарды атымен білмейтін жетесіз біреулер басқа адамның өмірін қатыгездікпен қия салады.
Оған дəлел менің үш ұлымның анасы Омарова Гүлдерайымның ажал құшқаны. Оны 30 жастағы шардаралық келіншек бауыздап өлтірді. Денесі əлі жерге берілмеген Денис Теннің пышақтан өлгені. Олар енді қайтып келмейді. Денистің ата-анасын, менің ұлдарымды қалай жұбатуға болады? Қаныпезерлердің жазасы қандай болмақ? Біздің өмірімізге, тыныштығымызға кім кепіл болмақ? Құқық қорғау органдары қанішерлерге тиісті жазасын береді деп сенеміз", - деп жазды ашынған актер.
Айта кетейік, актердің бірінші жарының артында үш ұлы қалды.Ортаншысы кеше ғана мектеп бітірсе, кенжесі небәрі 8 жаста. Бұған дейін балаларынан бөлек тұрып келген тележүргізуші анасынан айырылған ұлдарын өз қамқорлығына алмақ.