» » » Қайран қалдым: Ренат Гайсин Денис Теннің әнін алғаш тыңдаған кездегі әсерімен бөлісті

Қайран қалдым: Ренат Гайсин Денис Теннің әнін алғаш тыңдаған кездегі әсерімен бөлісті


“Денис – әлем таныған спортшы ғана емес, тұнып тұрған талантты музыкант”. Денис Тен туралы естелігімен бөліскен танымал композитор Ренат Гайсин осылай дейді. Сазгердің айтуынша, Денистің қарапайымдылығы соншалық, кереметтей туынды жазса да, онысын елге көрсетуге ұялған.

Бұл туралы “Хабар” арнасы дайындаған “Звезда по имени Тен” деректі фильмінде айтылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Денис маған алғаш рет әндерін тыңдатқан кезде қайран қалдым. Кәсіби маман ретінде іштей таңырқадым. Ән жазатын музыкант, композитордың таңғалуы сирек кездесетін жағдай. Әсіресе, бұл салаға қатысы жоқ адамдар оңайшылықпен бізді таңғалдыра алмайды. Дегенмен, Денис алғаш рет әнін тыңдатып, ұялып: “Бірдеңе жасадым. Ринат, бірақ қарап жіберші, одан ән шыға ма?” дегенінде: “Білесің бе, Денис?! Сенің жүрегің, жаның ән салуда. Бұл нағыз ән”, – дедім. Оның дауыс тембрінде, ағылшын тілінде жазған мәтіндерінде, оның қобалжуында, әр сөзін түсінуінде – шынайы өмір бар”, – дейді Гайсин.
Денис Тен танымал сазгерді тек әндерімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де қатты таңғалдырған. Гайсин Денистің шаңырағында бір рет қонақта болған кездің өзінде кездесуден үлкен шабыт алғанын айтады.
“Біріншіден, ол – тұлға. Екіншіден, өте тәрбиелі адам. Мен оның отбасын соншалықты құрметтеп, шабыт алдым. Оның әкесі мен анасына деген құрметі, бауырларымен қарым-қатынасы, бәрі де маған шабыт сыйлады. Отбасылық туған күнінде қонақ болған едім. Денис ұдайы өсуге, үйренуге тырысатын. Бір жолы: “Әнді компьютермен жаздым. Әзірге гитарада ойнай алмаймын, енді сатып аламын”, – дегені есімде”, – дейді Ренат Гайсин.




Stan.kz

23 шілде 2018 ж. 761 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930