ДОМБЫРА ГОЛЛИВУДТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Жуырда сонау Голливуд төрінде өткен «Әлем чемпионы» (World championships) байқауында Қазақстанның көк байрағы биіктен желбіреді. Жыл сайын әлемдік деңгейде дәстүрлі түрде өтетін бұл жобаға қазақстандық «Бастау» дуэті қатысты.
Ұлттық аспапты жанына серік еткен «Бастау» тобы жиырма екінші рет ұйымдастырылып отырған әлемдік байқауда «Аспаптық орындау» аталымы бойынша сайысқа түсті. Ауқымды жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен Кальмар, Палау сияқты шағын аралдардан бастап, Австралия, Қытай, Канада, АҚШ, Еуропа, Азия мемлекеттері, Африка сынды бас-аяғы 72 ел қатысып, үш кезең бойынша тартысты. Байқау ережесіне сәйкес, барлық кезеңнен де сүрінбей өткен қазақстандық өнер тобы қос ішектен төгілте күй орындап, қазақтың қасиетті қара домбыраның қоңыр үнімен бүкіл әлемді таңдандырды. Өнердің шыңы саналатын, жер-жаһанға аты әйгілі Голливуд төрінде ұйымдастырылған жобаға Қазақстан атынан алғаш рет қатысып отырған «Бастау» тобы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, алтын медалды жеңіп алды.
Бұл байқаудың ұйымдастырылуы мен өту тәртібі кәдімгі спорт олимпиадасы сияқты. Тек бұл жерде әркім спорт түрі емес, өнер өлшемінде сайысқа түседі. Тіпті, ашылу рәсімінің өзі спорттық олимпиададан кем емес, әр мемлекет өз туын желбіретіп шығып, ұлттық өнерін таныстырады. Мұнда әр елдің ұлттық директоры, ұлттық бапкері болады. Аталған байқауда әр мемлекет өнердің сан түрлі жанры бойынша сайысқа түсіп, бақтарын сынайды. Мәселен, биылғы сайыста қазақстандық өнерпаздар «Аспапта орындау» аталымы бойынша қатысса, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өзге қатысушылар вокал, би, модель, актерлік шеберлік, цирк өнері сияқты түрлі жанр бойынша бәсекеге түсті.
«Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрімовтің сөзіне сүйенсек, бұл жеңіс қара домбыраны жанына серік еткен өнер тобының алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін Латвияның астанасы Рига қаласында өткен айтулы өнер байқауында бас жүлдені жеңіп алса, араға уақыт салып Иерусалимде ұйымдастырылған «Әлем музыкасы» конкурсында да биік тұғырдан көрінген домбырашылар дуэті алдағы мақсат пен жоспар ауқымын ұлғайтып, мұхиттың арғы жағын мойындатуға бел шеше кіріскен. Өнерге деген шексіз ықыластың, тоқтаусыз дайындықтың, қабілеттің арқасында домбырашылар тобы Голливудтың дәстүрлі жобасында Қазақстан атын шарықтатты. Америка төрінде Құрманғазының «Адай», Нұрғиса Тілендиевтің «Баламишка», Олжас Сүлейменовтің «Еуразия», Темірлан Олжабайдың «Бастау» және өзге де халық күйлерінен попури орындап, ұлттық музыканың, халықтың үні – қос ішекті аспаптың құдіретін әлем елдері алдында тағы да бір паш етті.
Голливудтағы «Әлем чемпионы» (World championships) байқауындағы «Бастау» дуэтінің айтулы жеңісі – шын мәнінде тұтастай ұлттың абыройы, барша қазақстандықтың мақтанышы. Күні кеше Домбыра күнінің жалпы ұлттық мереке ретінде тойлануының өзі де қазақтың төл өнерінің қай кезде де өз дәрежесінде ұлықталатынының, өміршеңдігін үзбейтінінің айқын дәлелі.

«ЖЖ» ақпарат.