«Бастау» тобы Ригада өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақстандық «Бастау» тобы Латвия астанасы Ригада өткен «Восходящие звезды» xалықаралық байқауына қатысып жеңімпаз атанды. Олар байқаудың басты сыйлығы Голливудта өтетін үлкен шоуға жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы белгілі продюсер Алпамыс Шәрімов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Сүйінші! «Бастау» тобы Латвия астанасы Ригада өткен «Восходящие звезды» xалықаралық байқауына қатысып, әртүрлі музыкалық аспаптарды артқа қалдырып, қазақ домбырасымен бас жүлдеге ие болды. Басты сыйлық Голливудта өтетін үлкен шоуға жолдама алды. Құтты болсын, Қазақ елі! Қуан, Қазақстан! Голливуд, кездескенше! Бізге қолдау көрсеткен Айман Қожабекқызы Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс!» – деп жазды Алпамыс Шәрімов.
Өз кезегінде желі қолданушылары домбырашылар тобының жетістігіне қуанып, құттықтап жатты.
http://stan.kz